Нью-Йорктегі Sotheby’s аукционында Густав Климттің «Элизабет Ледерер портреті» атты туындысы 236,4 миллион долларға сатылды
Комиссияны есептегенде, бұл сатылым аукциондар тарихындағы ең қымбат екінші мәміле болып тіркелді. Сондай-ақ, бұл баға заманауи өнер туындылары үшін жаңа рекорд орнатты.
1914–1916 жылдары салынған бұл картинаның тағдыры шынымен де шытырман. Аукцион үйінің мәліметінше, меценаттардың қызы Элизабет Ледерердің портретін Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде нацистер ұрлап, тіпті өртеніп кетудің сәл-ақ алдында қалған. 1948 жылы отбасына қайтарылған туынды, 1983 жылы сатылғанға дейін Элизабеттің ағасының қолында болды.
Ақырында, бұл туындыны Estée Lauder брендінің мұрагері Леонард Лаудер сатып алды. Өнер тарихшысының айтуынша, картина оның Нью-Йорктегі үйінде ілулі тұрғанда, қожайыны оны өзінің жан серігіндей көрген.
