Lifestyle|Arts

Dirty Looks: Мінсіздікке қарсы бас көтеру

Автор Индира Тлегенова
26.09.2025
Dirty Looks көрмесі | Barbican
IMAGE Dirty Looks көрмесі | Barbican

Dirty Looks: Desire and Decay in Fashion көрмесі ластық пен тозудың сән тіліне қалай айналғанын көрсетеді

Сән әлемі әдетте мінсіздікке, тазалыққа ұмтылады. Алайда, Лондондағы Barbican Centre-де ашылған Dirty Looks көрмесі бұл қағиданы толықтай жоққа шығарады. Ол лас, тозған, жыртылған дүниенің сән тіліне қалай айналғанын баяндайды. Мұражай залдарында Maison Margiela, Alexander McQueen, Vivienne Westwood, Comme des Garçons және Rick Owens топтамалары қойылған.

Кураторлар «ұқыпсыздықтың», дақтар мен жыртықтардың буржуазиялық мінсіз костюм идеалына қарсылықтың бір түріне қалай айналғанының сырын ашады. Мысалы, Маржеланың силуэттерді деконструкциялауынан бастап, бүгінгі жасанды лас киімдерге дейінгі аралық қамтылған. Экспозиция XIX ғасырдағы Париж богемасының тозған сюртуктарынан бастау алып, сюрреалистерге, панк пен гранжға дейінгі бүлікшіл рухтың тарихи жолын көрсетеді. Бұл бағыттарда «бүлінген» киім шынайылық пен бостандықтың белгісі болды.

Көрменің ерекше назар аударатын бөлігі – экологиялық тұрақтылық. Fashioning excess бөлімі тоқыма қалдықтары мен «қалдықтар колониализмі» (бай елдердің қалдықтарын кедей және маргиналды қауымдастықтарға тасымалдау немесе ысыру практикасы. – Tatler) туралы сөз қозғайды. Нәтижесінде, экспозиция көрерменді терең ойға жетелейді: неліктен біз тозған нәрсені құнсыз, ал жаңаны құнды деп санаймыз?

Жоба 2026 жылдың қаңтар айының соңына дейін ашық.

Dirty Looks көрмесі | Barbican
Dirty Looks көрмесі | Barbican
Dirty Looks көрмесі | Barbican
Dirty Looks көрмесі | Barbican
4 фотоның / 1 фотосы Dirty Looks көрмесі | Barbican