Дэвид Боуидің сүйікті әндерінің тізімінде – Sonic Youth, The Beatles, Roxy Music және басқалары бар
Осы қыркүйекте Лондондағы жаңа Дэвид Боуи орталығында музыканттың өмірі мен шығармашылығына қатысты 90 мыңнан астам жәдігер көпшілік назарына ұсынылатын көрме өз есігін ашады. Экспонаттардың арасында – сахналық костюмдер, жеке жазбалар, тізімдер, аксессуарлар, тіпті аяқталмаған «The Spectator» спектаклінің эскиздері де бар. Көрменің ең құнды жәдігерлерінің бірі – түрлі жанрдағы композициялар енген, барлық уақыттағы ең сүйікті әндерінің қолжазба тізімі.
Дэвид Боуидің сүйікті әндері
Fantasia on a Theme by Thomas Tallis – Ralph Vaughan Williams (1910)
Four Last Songs – Richard Strauss (1948)
Right Now Right Now – Alan Freed and His Rock ’N’ Roll Band (1956)
True Fine Mama – Little Richard (1957)
Some Day My Prince Will Come – Miles Davis (1961)
Ecclusiastics – Charles Mingus (1962)
Beck’s Bolero – Jeff Beck (1966)
Across the Universe – The Beatles (1969)
Try Some, Buy Some – Ronnie Spector (1971)
Mother of Pearl – Roxy Music (1973)
The Electrician – The Walker Brothers (1978)
Tom Violence – Sonic Youth (1986)
Бұл жәдігерлер Боуидің тек музыкант қана емес, сонымен бірге жазушы, суретші және актер ретіндегі көпқырлы тұлғасын тереңірек тануға мүмкіндік береді. Әртістің өзі бірде өмір бойы жинаған мұрасын бір күні адамдарға көрсеткісі келетінін айтқан екен. Енді, міне, сол арманы орындалды.
