Lifestyle|Arts

Artsy қорытындыcы: 2024 жылғы өнер саласының майталмандары

Автор Егор Ходаков
26.12.2024
Artsy қорытындыcы: 2024 жылғы өнер саласының майталмандары

Artsy онлайн-платформасы өнер саласындағы осы жылғы ең маңызды жетістіктерді жариялады.

Artsy — өнер туындыларын сатып алу, сату, жинау және зерттеуге арналған жетекші онлайн-платформа. Ол әлемдегі коллекционерлерді, галереяларды, аукцион үйлерін және суретшілерді біріктіреді. Мақсаты — өнерді баршаға қолжетімді ету. Artsy жаңа суретшілерді қолдауға, заманауи трендтерді зерттеуге және соған қатысты өзге де оқиғаларды бақылауға мүмкіндік береді. Бұл платформада Бэнкси, Такаси Мураками, Энди Уорхол, Кит Харинг секілді танымал суретшілердің жұмыстары, сондай-ақ түрлі музейлер мен алдағы іс-шаралар туралы пайдалы ақпарат табуға болады. Жақында платформа жыл қорытындысын жариялады. Біз осы жинақтағы ең қызықты өнер иелері жайлы сөз қозғамақпыз.

2024 жылдың ең танымал суретшісі

Artsy платформасындағы ең танымал суретші — нигериялық Slawn. Ол GQ журналының нұсқасы бойынша 2024 жылдың «Жыл адамы» атанды. Олаолу Слоунның жұмыстары Rolex, Louis Vuitton және басқа да брендтермен ірі серіктестіктерінің арқасында жоғары сұранысқа ие болды. Сонымен қатар оның Saatchi Yates галереясындағы жеке көрмесі мен Рубелл музейіндегі экспозициясы да табысты өтті.

artsy.net
IMAGE artsy.net

Жыл серпілісі

Artsy жаңа суретшілерінің ішінде басты жаңалыққа айналған тұлға — дат суретшісі Оливер Бак. Ол өзінің Берлин өнер апталығында Sprüth Magers галереясындағы шығармашылық дебютінің арқасында көзге түсті.

artsy.net
IMAGE artsy.net

Нарық аясы ең тұрақты суретшілер

Соңғы бес жылда ең көп сұранысқа ие болған суретші — Энди Уорхол. Ол бұл категорияда үшінші жыл қатарынан көш бастап тұр. Суретшінің қолынан осы күнге дейін 9000-нан астам картина мен мүсін, шамамен 12 000 сурет және 19 000-нан астам баспа жұмысы шыққан.

artsy.net
IMAGE artsy.net

Ұлттық тұрғыдан қарастырғанда сұранысқа ие суретшілер

Artsy платформасында сұраныс саны бойынша көшбасшы атанғандар — үндістандық суретшілер. Олардың ішінде модернистер Макабул Фида Хусейн мен Хайед Хайдер Раза ерекше көзге түсті. Олардың жұмыстары Венеция биенналесінде және Помпиду орталығында көрсетілген. Жас таланттардың ішінен Рагав Баббар мен Таня Гоэл ерекшеленеді.

Макабул Фида Хусейн | artsy.net
IMAGE Макабул Фида Хусейн | artsy.net
Хайед Хайдер Раза | artsy.net
IMAGE Хайед Хайдер Раза | artsy.net
Рагхав Баббар | artsy.net
IMAGE Рагхав Баббар | artsy.net
Таня Гоэль | artsy.net
IMAGE Таня Гоэль | artsy.net

Әйел суретшілердің жұмыстары нарығы

2024 жылы әйел суретшілердің туындыларына деген сұраныс артпаса, кеміген жоқ. Олардың шығармалары барлық сұраныстардың 29%-н құрайды. Олардың арасында Яёи Кусама, Хелен Франкенталер және Трейси Эмин көш бастап тұр. Ең үлкен қызығушылықты тудырған жаңа суретшілердің бірі — Шарлотт Китс, ол 60-70 жылдардағы архитектуралық интерьерлерді бейнелейтін жұмыстары арқылы танымал болып келе жатыр. Сондай-ақ Мадлен Донахью шығармашылығы да ерекше еленіп, ана болу тақырыбы көптің көзайымына айналды.

Яёи Кусама | artsy.net
Хелен Франкенталер | artsy.net
Трейси Эмин | artsy.net
3 фотоның / 1 фотосы Яёи Кусама | artsy.net