Lifestyle|Arts

Art Basel 2025 несімен есте қалды?

Автор Tatler Kazakhstan
02.07.2025
Finite Infinite, Sturtevant
IMAGE Finite Infinite, Sturtevant

Басты өнер жәрмеңкелерінің бірі – Art Basel 2025 көрмесінің қорытындыларына шолу жасаймыз

Жақында Базельде биыл өзінің 55 жылдығын атап өткен Art Basel жәрмеңкесі салтанатты түрде өтті. Биылғы жәрмеңкеге 42 елден 289 жетекші галерея өз туындыларын алып келді. Көрмені тамашалауға әлемнің 250-ден астам ірі мұражайы мен қорының өкілдері арнайы ат басын бұрса, жалпы қонақтар саны 88 мың адамға жетті. Олардың арасында Әзербайжан мен Өзбекстаннан келген өнерсүйер қауым да болды.

Іс-шара ұйымдастырушылары Art Basel-дің маңызды мәдени тартылыс орталықтарының бірі және өнер алмасудың қозғаушы күші екенін тағы да дәлелдеді. Олар осылайша әлемдік арт-нарықтың тұрақтылығын, өміршеңдігін және жаһандық ауқымын паш етті. Жәрмеңке Базельге 2026 жылдың 18 маусымында оралады, ал келесі іс-шара 24-26 қазан аралығында Парижде өтпек. Ендеше, Art Basel 2025 көрмесінің ең жарқын сәттеріне тоқталайық.

Katharina Grosse – CHOIR

Жәрмеңкенің басты оқиғаларының бірі – неміс суретшісі Катарина Гроссенің ауқымды жұмысы болды. Ол Мессеплац алаңын жарқын иммерсивті кеңістікке айналдырды. Маджента түстес көркем инсталляция бес мың шаршы метрден астам қоғамдық кеңістікті қамтыды.

Katharina Grosse | Art Basel
IMAGE Katharina Grosse | Art Basel
CHOIR, Katharina Grosse
IMAGE CHOIR, Katharina Grosse
Art Basel 2025 несімен есте қалды?

Unlimited

Ірі ауқымды инсталляциялар мен перформанстарға арналған Unlimited секциясында биыл 70-ке жуық жұмыс ұсынылды. Олардың ішінде Андреа Бюттнердің «Shame Punishments» атты кенептер сериясы, Atelier Van Lieshout ұсынған «The Voyage – A March to Utopia» атты жұмақ мекеніне саяхат туралы эпикалық туынды, Феликс Гонсалес-Торрестің «Untitled (Go-Go Dancing Platform)» би платформасы, Маринелла Сенаторенің «We Rise by Lifting Others» люминесцентті инсталляциясы және Каирдің nasa4nasa би ұжымының «Sham3dan (Candelabra)» атты алаңдатарлық әрі гипноздық перформансы айрықша көзге түсті.

Go-Go Dancing Platform, Felix Gonzalez-Torres | Art Basel
Shame Punishments, Andrea Büttner
Sham3dan, nasa4nasa
Sham3dan, nasa4nasa
We Rise by Lifting Others, Marinella Senatore
5 фотоның / 1 фотосы Go-Go Dancing Platform, Felix Gonzalez-Torres | Art Basel

Parcours

Parcours – бұл Клараштрассе көшесінде және оның айналасында орналасқан жұмыстарға арналған көпшілікке ашық секция. Биылғы Parcours-дың басты тақырыбы «Second Nature» болды. Мұнда табиғилық пен жасандылықтың арасындағы текетіресті иммерсивті мультисенсорлық инсталляциялар арқылы зерттейтін жұмыстарға баса назар аударылды. Ең жарқын жобалардың қатарында Hylozoic/Desires шығармашылық дуэтінің Мюнстерплац алаңындағы монументалды 80 метрлік тоқыма инсталляциясы, Сельма Селманның хош иістермен және дыбыстық эффектілермен толықтырылған автомобиль капоттарынан жасалған мемориалы, сондай-ақ Элейн Стертевант, Марианна Симнетт, Шахрияр Нашат, Томас Байрле және Ю Дзи сияқты басқа да суретшілердің туындылары болды.

Vale, Selma Selman | Art Basel
namak halal / namak haram, Hylozoic/Desires
Interlude, Marianna Simnett
Foraged, Yu Ji
Bleeding Precious, Shahryar Nashat
Coats, 1967-68, Thomas Bayrle
Finite Infinite, Sturtevant
7 фотоның / 1 фотосы Vale, Selma Selman | Art Basel

Art Basel Shop

Катарина Гроссе Art Basel 2025 көрмесіне арнап саны шектеулі заттардан тұратын капсулалық топтама дайындады. Оған қолдан боялған және принті бар футбол доптары, мөлдір сөмкелер мен фирмалық декоративті лента кірді. Сондай-ақ, жәрмеңкедегі ең сұранысқа ие заттардың қатарында Касинг Лунгтың шектеулі сериядағы Labubu ойыншығы, FC Basel-дің коллекциялық футболкасы мен шарфы, Томас Байрленің жаңбырға арналған киімі және Саша Стайлстың постері болды.

Art Basel Shop | Art Basel
Art Basel 2025 несімен есте қалды?
Art Basel 2025 несімен есте қалды?
Art Basel 2025 несімен есте қалды?
4 фотоның / 1 фотосы Art Basel Shop | Art Basel

Art Basel Awards

2025 жылы Базельде алғаш рет Art Basel Awards марапаттау рәсімі өтті. Оның аясында 36 лауреат марапатталып, Африка суретшілеріне арналған Koyo Kouoh Fellowship стипендиясының іске қосылғаны жарияланды және тұңғыш саммит өткізілді. Саммит бағдарламасында лауреаттардың, қазылар алқасы мүшелерінің, суретшілердің, кураторлардың, меценаттардың, мұражайлар мен қорлардың басшыларының және басқа да мәдени қауымдастық өкілдерінің қатысуымен баяндамалар мен панельдік пікірталастар болды.