Lifestyle|Arts

«Афиша» кафесінде суретші Азиза Шаденнің жаңа мозаикасы ашылды

АвторыВиолетта Тельманова
18.09.2026
Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Жаңа мозаика «Жер, аспан және олардың арасындағы кеңістік» деп аталады. Бұл туынды «Афиша» кафесі мен Sansi мультибрендтік зергерлік холдингінің бірлескен жұмысының нәтижесінде дүниеге келді

Арт-объектінің ресми ашылуы 15 қыркүйекте «Афиша» кафесінің қабырғасында, дәлірек айтсақ, екінші қабаттағы террасада өтті. Жобаның авторы қазақ-өзбек тамыры бар британдық суретші Азиза Шаден болып табылады. Оқуын Central Saint Martins өнер колледжінде тәмамдаған қылқалам шебері Венеция мен Шарджа биенналелерінде де бақ сынаған. Ал бұл тамаша идеяны Art Oskolok шеберлері жүзеге асырды.

«Жер, аспан және олардың арасындағы кеңістік» туындысы тығыз байланыс туралы терең ойға жетелейді. Көркем шығарма жер мен атмосфераның, сондай-ақ көзге көрінетін және қиялдағы дүниелердің үйлесімін бейнелейді. Азиза сурет нобайларын сызған шақта Қазақстанның табиғат көріністерінен ерекше шабыт алды. Нәтижесінде автор өз жұмысында жемістердің молдығын, ауа райының құбылмалы көңіл күйін және жердің тыныш сұлулығын көрсетті.

Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан

Мұндағы әрбір бөлшек өзінің жеке түсі мен мінезін сақтайды. Бәрі бірігіп тұтас бір бейнені құрайды. Осындай әралуандық Қазақстанның өзіне қатты ұқсайды. Өйткені біздің еліміз де контрасты ландшафттардан, түрлі климат пен маусымдардан және табиғи ырғақтардан тұрады.

Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Баспасөз қызметінің мұрағатынан
9 фотоның / 1 фотосы Баспасөз қызметінің мұрағатынан

Бұл туынды адам назарын табиғатқа немесе кафе ішіндегі сәтке аударады. Сөйтіп біз көретін және сезінетін дүниелердің ортасындағы сұлулықты байқауға үндейді.

Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан