Абу-Дабидегі Саадият аралында Dar al Funoon («Өнер үйі») атты жаңа мәдени кешен салынбақ. Бұл жаңалықты Абу-Дабидің Мәдениет және туризм департаментіне сілтеме жасаған Time Out басылымы хабарлады.
Жобаның авторы – өткен жылдың соңында 96 жасында өмірден өткен атақты сәулетші Фрэнк Гери. Орталық бір уақытта 6000 көрерменді қабылдай алады. Кешен ішінде 2000 орындық театр, 3500 адамға арналған амфитеатр, 400 орындық студия залы және 250 қонаққа лайықталған джаз сахнасы орналасады.
Мәдени ошақ жыл бойы үзіліссіз жұмыс істемек. Мұнда опера, балет, драмалық қойылымдар мен түрлі концерттер ұйымдастырылады. Сонымен қатар суретшілерге арналған резиденциялар ашылып, әлемнің жетекші өнер ұйымдарымен бірлескен жобалар жүзеге асады.
Ғимараттың қасбеті толықтай мөлдір әйнектен жасалады. Авторлардың айтуынша, бұл дизайн әмірліктің шығармашылыққа және мәдени алмасуға әрдайым ашық екенін білдіреді.
