Lifestyle|Arts

2024 жылы бейнелеу өнерінде орын алған басты оқиғалар

Автор Никита Дробышев
04.12.2024
Юлиус Хофман, «Тырнақ ізі», 2023 | Фото: artcologne.com
IMAGE Юлиус Хофман, «Тырнақ ізі», 2023 | Фото: artcologne.com

Бейнелеу өнері әлеміндегі жаһандық үрдістер мен инновациялар. 2024 жыл несімен есте қалды?

Бейнелеу өнері жасқа, жынысқа, ұлтқа, тұрмыстық жағдайға не физикалық және психологиялық ерекшеліктерге қарамастан баршаға қолжетімді. Арт-индустрияның даму прогрессі көзге анық көрінеді. Жаһандану мен жаңа технологиялар оның белсенді дамуына ықпал етіп, ақпарат кеңістігінде жаңа есімдердің пайда болуына себепкер болуда. Көрмелер, фестивальдер және өзге де іс-шаралар саны да жыл сайын артып келеді.

2024 жыл арт-сала үшін жаңашылдыққа толы әрі жемісті жыл болды. Іс-шаралардың географиясы кеңейіп, шығармашылық процестерге жасанды интеллект енгізілді, сондай-ақ әр түрлі дәуір стильдері үйлестірілді. Жас таланттарды қолдауға ерекше көңіл бөлінді. Көптеген туындылардың негізгі тақырыптары «орнықты даму» мен «экологияны» қамтыды. 2024 жыл несімен есте қалғанын жәні ол шаралардың ерекшеліктері туралы әңгімелейміз.

Art Basel

Art Basel — 70 жылдары Базельде негізі қаланған, ең ірі бейнелеу өнері жәрмеңкелерінің бірі. Бүгінде бұл Париж, Гонконг, Базель және Майами-Бич қалаларында өтетін, халықаралық шара. Биыл жәрмеңкеге 40 елден келген 287 жетекші галерея қатысты, оның 22-сі алғаш рет қатысқандар қатарында болды.

Осы жылы іс-шара диджитал мен жасанды интеллектке баса назар аударды. Келушілер NFT өнімдерін сатып алып, жасанды интеллект көмегімен жасалған картиналарды тамашалай алды. Жәрмеңке барысында «post-NFT» дәуірі мен цифрлық және физикалық туындылардың өзара байланысы талқыланды. Шағын Unlimited Artworks кеңістігінде Яеи Кусама мен Роберт Франк сынды суретшілердің ірі инсталляциялары ұсынылды. Бұл секция көлемі жағынан үлкен өнер туындыларын жасау үшін ауқымды кеңістік қажет емес екенін көрсетті. Көптеген жұмыстар орнықты даму мәселелеріне қамтыды. Лоис Ванбергердің Portable Garden және Агнес Денестің Honouring Wheatfield – A Confrontation (2024) туындылары осы бағыттағы ең жарқын мысалдардың бірі болды. Сонымен қатар жәрмеңкеде Пикассо, Матисс, Рихтер және басқа да шеберлердің классикалық туындылары ұсынылды.

JOAN MITCHELL, «Sunflowers», 1990-91 | Фото:joanmitchellfoundation.org
Yayoi Kusama, «Aspiring to Pumpkin’s Love», the Love in my Heart, 2023 | Фото: artbasel.com
Lutz Bacher, «Chess»,  2012 | Фото: artbasel.com
Teresa Solar Abboud, «Tunnel Boring Machine (Transformation Figure)», 2024 | Фото: artbasel.com
4 фотоның / 1 фотосы JOAN MITCHELL, «Sunflowers», 1990-91 | Фото:joanmitchellfoundation.org

Frieze Art Fairs 2024

Frieze Art Fairs Лос-Анджелес, Сеул, Нью-Йорк және Лондон қалаларында өтеді.

2024 жылы көрме жас таланттардың жұмыстарын алға жылжытып, орнықты даму мәселелеріне ерекше назар аударды. Мысалы, Таня Хименестің көрмесі мұздықтардың еруіне арналса, Бенедикт Бьеррдің үрлемелі пингвиндері ғаламдық жылыну тақырыбын қозғады. Диджитал мен NFT бағыттары Digital Art бөлімінде қарастырылды. Көрменің басты ерекшеліктерінің бірі — Artist-to-Artist секциясы. Бұл бөлімде өнер мен фэшн шекарасында тұрған туындылар ұсынылып, оларға өнертанушылар емес, суретшілердің өзі жетекшілік етті.

Adam Shiu-Yang Shaw, «Happy HK Composite», 2023 | Фото: frieze.com
Eva Gold, «Pilot and Passengers I», 2024 | Фото: Brad Farwell
Benedikte Bjerre, «The Birds», 2017 | Фото: benediktebjerre.com
Nils Alix-Tabeling, Candelabre, «Night Butterfly’» 2023 | Фото: frieze.com
4 фотоның / 1 фотосы Adam Shiu-Yang Shaw, «Happy HK Composite», 2023 | Фото: frieze.com

Venice Biennale

Венеция биенналесінде биыл миграция және диаспора тақырыптары көтерілді. Жарқын мысалдардың бірі — Адриано Педросаның «Жаһандық Оңтүстік» концепциясына негізделген Foreigners Everywhere көрмесі. Геосаяси дағдарыс та назардан тыс қалмады. Мысалы, Польша павильонында ұсынылған Repeat after Me II туындысы әскери кезең рефлексиясын ұсынды. Өткен мен бүгіннің байланысы, сондай-ақ өнердегі тарихи контексттің маңызы көрініс тапқан Nucleo Storico секциясын ерекше атап өту қажет.

Saloua Raouda Choucair, «Rhythmical Composition with White Sphinx», 1951 | Фото: labiennale.org
IMAGE Saloua Raouda Choucair, «Rhythmical Composition with White Sphinx», 1951 | Фото: labiennale.org
Open Group, «Repeat after Me II», installation view, Polish Pavilion Biennale Arte 2024 | Фото: labiennale.org
IMAGE Open Group, «Repeat after Me II», installation view, Polish Pavilion Biennale Arte 2024 | Фото: labiennale.org

Art Cologne

Art Cologne — заманауи өнер туындылары мен галереяларын насихаттайтын, ең көне жәрмеңке (1967 жылдан бері өткізіліп келеді – Tatler). Басқа да жәрмеңкелер секілді, Art Cologne жас таланттарды қолдауға бағытталған. Бұл үшін арнайы NEUMARKT және NEW POSITIONS секциялары құрылған болатын. Көрме барысында жаңа және ескілеу өнер туындыларының үйлесімі ұсынылды. Мұндай тәсіл бейнелеу өнеріндегі сабақтастықтың, сондай-ақ әр түрлі дәуірлер мен стильдер арасындағы диалогтың маңыздылығын көрсетеді.

Eckart Hahn ,«Vorstellung», 2008 | Фото: artcologne.com
Joachim Schmid, «Zur Theorie der Fotografie», 1986 | Фото: artcologne.com
Meret Oppenheim, «Poster Pelztasse (fond jaune)», 1971 | Фото: artcologne.com
3 фотоның / 1 фотосы Eckart Hahn ,«Vorstellung», 2008 | Фото: artcologne.com