Алатау қаласында Iconic Towers бизнес-кешені бой көтереді. Жаңа ауқымды іскерлік орталыққа салынатын инвестиция көлемі $800 млн-нан асады. Архитектуралық тұжырымдаманы әлемге әйгілі, көптеген танымал зәулім ғимараттардың авторы – америкалық SOM бюросы әзірлеген.
Gate District жаңа ауданының негізгі жобасына айналатын бұл кешенді іске асыру туралы келісімге 2025-жылдың қыркүйегінде, Қазақстан Президентінің Қытайға сапары кезінде қол қойылған болатын.
Премьер-министр Олжас Бектенов жұмыс сапары барысында құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Ауданы шамамен 277 мың шаршы метрді құрайтын кешенде кеңселер, апартаменттер, қонақүй мен сауда алаңдары орналасқан екі мұнара болады. Құрылысты осы жылдың мамыр айында бастап, 2029-жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда
