Homes|Architecture & Design

Алматыда алғашқы ресми LEGO Store дүкені ашылады

АвторыTatler Kazakhstan
01.07.2026
Lego дүкені, Шанхай, Қытай, 17 наурыз 2026 жыл | Фотограф: JPix | Getty Images
IMAGE Lego дүкені, Шанхай, Қытай, 17 наурыз 2026 жыл | Фотограф: JPix | Getty Images
4 шілде күні Алматыда Қазақстандағы ең алғашқы фирмалық LEGO Store дүкені ашылады. Бұл туралы Алматы қаласының туризм басқармасы мәлімдеді

Таратылған ақпаратқа сәйкес, жаңа сауда нүктесі желінің халықаралық стандарттарына сай жұмыс істейтін болады. Сатып алушыларға өнімдердің кең жиынтығы, эксклюзивті топтамалар, сондай-ақ арнайы фирмалық қызметтер мен келушілерге арналған интерактивті кеңістіктер ұсынылады.

Қалалық туризм басқармасы әлемдік бренд дүкенінің іске қосылуын республика үшін маңызды оқиға деп атап өтті. Бұл сондай-ақ бөлшек сауда нарығындағы жаһандық ойыншылар үшін Алматының инвестициялық тартымдылығы артып келе жатқанының айқын көрінісі.

Естеріңізге сала кетейік, LEGO Group дамытпалы ойыншықтар мен білім беру ойындарын шығаратын әлемдегі жетекші өндірушілердің қатарынан табылады. Компанияның өнімдері дүние жүзі бойынша 130-дан астам елдің нарығында сатылады.