Қазақстандық теннисші Александр Бублик Гонконгте өткен ATP 250 сериясының халықаралық турнирінде жеңіске жетіп, мансабында алғаш рет әлемнің 10-шы ракеткасы атанды.
2026 жылдың 11 қаңтарында өткен турнир финалында Александр Бублик әлемнің жетінші ракеткасы, италиялық Лоренцо Музеттимен шеберлік байқасты. Қарсыласын 7-6(2), 6-3 есебімен тізе бүктірген қазақстандық спортшы бұл жеңісін тарихи жетістікке айналдырды. Бұл тек Бубликтің жеке триумфы ғана емес, ел тарихында тұңғыш рет отандық теннисшінің ерлер арасындағы ATP әлемдік рейтингінің ТОП-10 тізіміне енуі ретінде алтын әріппен жазылмақ.
Жалпы алғанда, бұл Александр Бубликтің ATP сериясындағы тоғызыншы титулы. Төмендегі видеодан Александрдың жеке қоржынына кезекті кубокты қосқан жарқын сәтін тамашалай аласыздар.
