Lexus бренді алғашқы күннен-ақ «функционалды сұлулық» философиясын ұстанып келеді, және жаңа NX 350h – соның айқын көрінісі. Кроссовердің заманауи сұлбасы оның динамикалық сипатын айшықтай отырып, мінсіз эстетиканы инженерлік логикамен шебер ұштастырған. Көліктің әрбір сызығы аэродинамика мен тұрақтылық талаптарына бағынады. Осының арқасында кроссовер тек сымбатты көрініп қана қоймай, жолда барынша тұрақтылық танытады.
NX 350h ішкі кеңістігі жапон тілінен аударғанда «тізгін» дегенді білдіретін Tazuna концепциясына негізделген. Әзірлеушілер шабандоздың атты еш қиындықсыз басқаруынан шабыт алған. Жүргізушінің назары жолдан ауытқымауы үшін барлық негізгі функциялар мен басқару тетіктері қолжетімді жерде орналасқан. Адамды басты орынға қоятын мұндай тәсіл салон ішінде абсолютті жайлылық пен қауіпсіздік атмосферасын қалыптастырады. Мұнда креслолардың эргономикасынан бастап, Қазақстанда қолжетімді үш (Executive, Premium және Luxury) комплектацияның әрлеу сапасына дейін әрбір бөлшек жіті ойластырылған.
Модельдің басты техникалық жаңалығы – литий-ионды батареясы мен E-Four интеллектуалды толық жетегі бар төртінші буынның гибридті қуат қондырғысы. Ол 2,5 литрлік бензинді қозғалтқыш пен қуатты электр моторларын біріктіре отырып, жол жағдайына қарай энергияны лезде үлестіріп отыратын озық жүйе. NX 350h сағатына 125 шақырымға дейінгі жылдамдықта таза электр қуатымен қозғалатындықтан, жолға кеткен уақыттың тең жартысы мүлдем дыбыссыз EV-режимінде өтеді. Бұл ретте жүйе әрбір қуат бөлшегін барынша үнемдеп қана қоймай, рекуперация арқылы оны батареяға қайта бағыттап отырмақ. Нәтижесінде, дәстүрлі қозғалтқыштармен салыстырғанда отын тиімділігі едәуір артып, CO₂ шығарындылары 35%-ға дейін азаяды. Бұл кездейсоқ емес: Toyota корпорациясының құрамындағы Lexus бренді көліктің бүкіл қызмет ету мерзімінде көміртегі бейтараптығын сақтауды басты мақсат тұтады.
Lexus NX 350h – қуатты, басқаруға өте икемді әрі экологиялық таза серіктес. Оның ептілігі мен лезде әрекет ету қабілеті заманауи өмір ырғағымен мінсіз үйлеседі. Жаңа көлікті Қазақстан жолдарында сынап көруге және оның иесі атануға 2026 жылдың сәуірінен бастап толық мүмкіндік бар.
