Dining|Food

Tatler Best Asia Pacific 2026 аймақтың ең үздік 100 қонақүйін, мейрамханасы мен барын атады

АвторыTatler Kazakhstan
23.10.2026
Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Шанхай осы аптада Азия-Тынық мұхитының меймандостық әлемін бір жерге жинады. Мұнда Tatler Best Asia Pacific 2026 сыйлығының жеңімпаздары анықталды. Биыл ұйымдастырушылар дәстүрлі үздік 100 қонақүй, мейрамхана және бар тізімінен бөлек, бағдарламаға алғаш рет круиз индустриясына арналған номинацияларды да қосты

Биыл сыйлық үшінші рет табысталып отыр. 300-ден аса қонақ, 900-ге жуық сарапшы - үздіктер тізімі әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған Tatler қауымдастығының, басылым редакторлары мен сала сыншыларының ортақ дауысынан құралды. Дауыс берудің таза өтуін Tatler Asia-ның тәжірибе жөніндегі бас директоры Шон Фицпатрик пен гастрономия бағыттағы басшысы Энди Ченг қадағалады.

Best-in-Class - кештің басты жеңімпаздары

Жылдың ең үздік қонақүйі - Қытай жүрегіндегі Mandarin Oriental Qianmen.

Жыл мейрамханасы атағы Макаодағы Wing Lei Bar-ға бұйырды.

Ал жылдың бары деп Сеулдегі Zest танылды.

Биылғы жаңалық - бағдарламаға қосылған алты жаңа номинация. Оның ішінде Tatler Best тарихында тұңғыш рет пайда болған круиздік бағыттағы жүлделер бар. Сонымен қатар қонақүйлер үшін сауықтыру демалысы мен отбасылық саяхат секілді бағыттар бойынша жаңа санаттар енгізілді.

Нәтижесінде Жыл круизі атағын The Ritz-Carlton Yacht Collection жеңіп алса, үздік бутик-круиз компаниясы ретінде Aqua Expeditions, отбасылық демалысқа арналған үздік оператор ретінде Disney Cruise Line, ал жеке яхтаны жалға берудің ең озық сервисі ретінде Simpson Marine танылды. Спа-бағыттағы ең үздік қонақүй - Индонезиядағы Mandapa, a Ritz-Carlton Reserve, ал ең үздік отбасылық қонақүй - Мальдивтегі Soneva Fushi.

Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан

Tatler Best Asia Pacific 2026 жеңімпаздарының толық тізімі марапаттың ресми парақшасында жарияланған.

Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан

Шанхайдағы бес күндік гастрономиялық марафон

20-24 қазан аралығында Шанхай Tatler Best Asia Pacific-тің үлкен бағдарламасын қабылдайды. Марапаттау рәсімі, кәсіби панельдер және гастрономиялық кештер - бәрі бір аптаға сыйған. Әсіресе Tatler Best Takeover Series ерекше: өңірдің әр елінен келген танымал шеф-аспаздар мен миксологтар Шанхайдың үздік мейрамханаларында 28 бірлескен кешкі ас пен коктейль кешін өткізеді. Бұл кештер көпшілікке ашық.

Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан

Сонымен қатар Tatler Best Instagram-мен бірлесіп, өңірдің мәдениеті, саяхаты мен гастрономиясы туралы әңгімелейтін цифрлық авторларды қолдауға арналған Creators Spotlight 2026 жобасын іске қосты.

Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан

Үздік 100-дікте Қазақстан да бар

Бұл тізімде Қазақстанның да аты бар. Best 100 Hotels қатарына теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте, Шымбұлақ курортында орналасқан Tenir Eco Hotel енді. Қазақстандағы ең биікте орналасқан қонақүй саналатын кешен тау бедеріне сай салынған он модульді нөмірден тұрады. Жоба авторы - қазақстандық Levelstudio архитектура бюросы. Айта кетейік, Tenir бұған дейін де Tatler Kazakhstan-ның Best Innovation жүлдесін алған болатын.

Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан