Dining|Food

Tatler Best 2025: Қазақстан Азияның үздіктер картасында!

Автор Tatler Kazakhstan
22.10.2025
AUYL мейрамханасы
IMAGE AUYL мейрамханасы

Таиланд астанасында өткен салтанатты рәсімде Asia Pacific аймағының 100 үздік мейрамханасы, бары мен қонақүйі аталды

Жақында Бангкокта Tatler Best 2025 марапаттау рәсімі дүркіреп өтіп, Asia Pacific (APAC) аймағының ең үздік 100 мейрамханасы, бары мен қонақүйі жарияланды. Биылғы жыл – Қазақстан үшін тарихи сәт болды: еліміздің мекемелері алғаш рет осы беделді Tatler Best рейтингісіне еніп, жергілікті гастрономия мен қонақжайлылықтың әлемдік деңгейде мойындалғанын дәлелдеді. Азияның үздіктер қатарынан ойып тұрып орын алған біздің мақтаныштарымыз:

Бұл мекемелер тек аймақтың ТОП-100 тізіміне еніп қана қоймай, индустрияның әлемдік көшбасшыларымен иық тірестірді.

Tatler Best – бұл жай ғана рейтинг емес. Бұл қырық жылдан астам уақыт бойы HoReCa индустриясының сарапшылары мен энтузиастарын біріктіріп келе жатқан Tatler Asia жаһандық жобасының бір бөлігі. Ол аймақтың гастрономиялық және қонақүй келбетін айқындайтын ең беделді мекемелердің басын қосатын беделді тізім.

Қазақстанның бұл рейтингке енуі – еліміздің Азияның мәдени және гастрономиялық картасындағы орнын айшықтайтын маңызды қадам. Бай тарихи мұрамыз, Шығыс пен Батыс дәстүрлерінің үйлесімді тоғысуы, мәдени әралуандық және қазаққа тән ерекше қонақжайлылық елімізді саяхатшылар мен талғампаз гурмандар үшін тартымды мекенге айналдырып отыр. Бұл жетістік – сол еңбектің лайықты бағасы.

French 42 бары
IMAGE French 42 бары
The Veil (Астана)
IMAGE The Veil (Астана)