Dining|Food

Сәкен Жақсыбаевтың XVI дәстүрлі гала-кеші қалай өтті?

АвторыTatler Kazakhstan
04.05.2026
Сәкен Жақсыбаев | Фотосуретші: Тимур Эпов
IMAGE Сәкен Жақсыбаев | Фотосуретші: Тимур Эпов
Өнер, мәдениет, стиль мен жоғары гастрономия өзара мінсіз үйлесім тапқан жабық кеш

Visa Fashion Week Almaty сән апталығын оның басты зайырлы бөлшегінсіз, яғни Сәкен Жақсыбаевтың дәстүрлі гала-кешінсіз елестету мүмкін емес. Өйткені Сән апталығының шымылдығы бейресми түрде дәл осы ауқымды шарамен түріліп, алдағы күндерге ерекше көңіл-күй сыйлайды. Биыл көктемде он алтыншы рет өткен бұл жиын уақыт өте келе өз алдына бөлек мәдени дәстүрге айналып үлгерді. Ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық жоралғылар аса бағаланатын біздің елде мұндай тұрақты шаралардың орны ерекше.

Сәкен Жақсыбаев | Фотосуретші: Тимур Эпов
IMAGE Сәкен Жақсыбаев | Фотосуретші: Тимур Эпов

Биылғы кеш қазақ мәдениетін ұлықтау мақсатында Made in Kazakhstan. Made with Love деген атаумен өтті. Осы арқылы Сәкен Жақсыбаев өз командасымен бірігіп, Сән апталығына келген шетелдік қонақтарға қазақы болмысты, ұлттық дәстүрлер мен жергілікті гастрономияны жай ғана құрғақ сөзбен түсіндіріп қоймай, оны әр адамның өз ішінен өткізіп, шынайы сезінуіне жағдай жасады.

Евгения Тян, Сәкен Жақсыбаев, Алиса Вильгельм | Фотосуретші: Тимур Эпов
IMAGE Евгения Тян, Сәкен Жақсыбаев, Алиса Вильгельм | Фотосуретші: Тимур Эпов

Кештегі ең көз тартарлық бөлшектердің бірі – арнайы суретке түсуге арналған орын. Мұндағы қызғылт киіз үй заманауи үлгіде жасалса да, іші кілем, жастық, ұлттық аспаптар мен жайылған дастарқан сияқты төл бұйымдарымыздан ұқыпты жиналған екен. Мұндай кештердің әсері кез келген экскурсиялық бағдарламадан асып түседі: олар қонақтарды сол ортаның атмосферасына толық енгізіп, мәдениетті құрғақ түсіндірмемен емес, дәм, дыбыс, кеңістік арқылы тікелей сезінуге жол ашады.

Артси Ифрах | Фотосуретші: Тимур Эпов
Олеся Белович, Әсел Сұлтанғалиева | Фотосуретші: Тимур Эпов
Ғазиза Шабдарбаева, Әсел Сұлтанғалиева | Фотосуретші: Тимур Эпов
Карин Сомерсет, Бауыржан Шадібеков | Фотосуретші: Тимур Эпов
Айя Жақып | Фотосуретші: Тимур Эпов
Бауыржан Шадібеков, Айгүл Әміржанова | Фотосуретші: Тимур Эпов
Алиса Вильгельм | Фотосуретші: Тимур Эпов
Зәуре Розмат | Фотосуретші: Тимур Эпов
Евгения Тян | Фотосуретші: Тимур Эпов
Индира Хан | Фотосуретші: Тимур Эпов
Бауыржан Шадібеков, Айжан Тұңғышбаева | Фотосуретші: Тимур Эпов
Жансая Батталова | Фотосуретші: Тимур Эпов
Александра Бекишева | Фотосуретші: Тимур Эпов
Диана Азимова | Фотосуретші: Тимур Эпов
14 фотоның / 1 фотосы Артси Ифрах | Фотосуретші: Тимур Эпов

Музыкалық сүйемелдеу де кештің ажарын аша түсті: пианист әрі композитор Виктор Хоменковтың шебер орындауынан бастап, Жанерке Ноғайбекованың қолынан төгілген домбыра мен жетігеннің әуезді үні жиынға ерекше тереңдік сыйлады.

Бауыржан Шадібеков | Фотосуретші: Тимур Эпов
IMAGE Бауыржан Шадібеков | Фотосуретші: Тимур Эпов
Камила Нигай | Фотосуретші: Тимур Эпов
Виктория Майлыбаева | Фотосуретші: Тимур Эпов
Зәуре Розмат | Фотосуретші: Тимур Эпов
Гаухар Қаппарова | Фотосуретші: Тимур Эпов
4 фотоның / 1 фотосы Камила Нигай | Фотосуретші: Тимур Эпов