Rover, Сидней
Сарри-Хиллз ауданындағы қарапайым ғана шарап дүкенінің ішіне жасырынған бұл гастропаб бүгінде Сиднейдің нағыз аңызына айналған. Rover мекемесі аустралиялықтарға тән еркін атмосфераны сақтай отырып, тағам сапасына ерекше мән береді. The Gidley Burger дегеніміз астықпен семіртілген сиыр етінен жасалған екі котлет, карамельденген пияз, еріген чеддер ірімшігі және 1970 жылдардағы америкалық дайнерлердің құпия рецептін еске түсіретін фирмалық тұздықтан тұрады. Оны қонақтарға кәдімгі пергамент қағазға орап береді. Мұнда ешқандай артық әбігер жоқ, басты назар тек нағыз дәмге ғана аударылған.
The Diplomat, Гонконг
Бұл жобаның авторы – аты аңызға айналған бармен Джон Майерс. The Diplomat ішіне кіргенде қоңырқай ағаш интерьер мен классикалық коктейльдерді көресіз. Ал мұндағы ғажап гамбургер сізге мишлен жұлдызды мейрамханаларды бірден ұмыттырады. The Diplomat Burger құрамына чак-роллдан жасалған жұп-жұқа, тіпті сәл қытырлақ котлет пен хаварти ірімшігі, маринадталған қияр және ворчестер негізіндегі ерекше дәмді умами-тұздық кіреді. Осының бәрі «Мартин» тоқашының арасына салынған. Жұрт мұнда мәзірді ашып әуре болмай-ақ, мартини ішіп, қаладағы ең дәмді бургерден ауыз тиіп қайту үшін келеді.
Veronica’s, Мумбаи
«Вероникас» мекемесі ішінде джаз ойнайтын, қызыл барқытпен қапталған және қабырғасына Голливуд жұлдыздарының портреттері ілінген винтажды орын. Бандра ауданында орналасқан бұл жерге кіргенде, көне Мумбаидың құпия қонақбөлмесіне тап болғандай әсер аласыз. The Big Floyd дегеніміз үнді сиырының (буффало) етінен жасалған екі котлет, ысталған бекон, көк зеңі бар ірімшік және пияз конфиі қосылған дәу бургер. Қызығы сол, бұл тағамды осында үнемі келіп тұратын музыкант қонақтардың бірінің құрметіне атаған екен.
Dan’s Burgers, Джакарта
Қайнаған Джакарта қаласындағы кіп-кішкентай ғана орын. Dan’s Burgers өз алдына бір ғана мақсатты қойған: мінсіз smash-бургер жасап шығару. Classic Smash Burger дегеніміз грильде шеті қызарып, карамель түсіне енгенше басып қуырылған котлет, америкалық ірімшіктің екі тілімі, тұздалған қияр, шикі пияз және қыша. Ешқандай қызанақ, ешқандай салат жапырағы қосылмайды. Мінсіздікке жеткізілген нағыз минимализм. Жергілікті халық бургерден құр қалмас үшін, мекеме ашылардан бір сағат бұрын келіп, кезекке тұрып алады.
Wagyu Burger Hirokiya, Токио
Бургерден гөрі сушиге көбірек мән беретін елде Hirokiya мұның керісінше екенін дәлелдеп жүр. Бұл небәрі он төрт қана орны бар шағын отбасылық мекеме. Wagyu Burger Hirokiya жоғары сапалы жапон мәрмәр сиыр етін қолданады. The Umami Tartar Teriyaki құрамына орташа қуырылған котлет, қолдан жасалған терияки тұздығы, сондай-ақ ашытылған жұмыртқа сарысынан жасалған тартар мен вакаме балдыры кіреді.
Decker’s, Куала-Лумпур
Чоу Кит ауданындағы көзге түсе бермейтін ғимараттың ішіне Decker’s мекемесі жасырынған. Бұл Куала-Лумпурдың мейрамхана қызметкерлері жұмыс ауысымынан кейін келіп тыныстайтын сүйікті орны. Classic Cheeseburger дегеніміз нағыз классика: сиырдың жамбас еті, ірімшіктің екі түрі (чеддер және америкалық ірімшік), қолдан жасалған пикули, жұп-жұқа туралған латук салаты және Big Mac-ты еске түсіретін, бірақ одан он есе дәмді тұздық. Ал бриошь тоқашын оларға жергілікті наубайхана арнайы пісіріп береді. Аса бір сән-салтанаты жоқ, бірақ келген қонақтың көңілі толып қайтады. Қысқасы, бұл елдегі ең дәмді классикалық бургер.
Sweet Ecstasy, Метро Манила
Sweet Ecstasy желісі кезінде фермерлік базардағы кішкентай шатырдан басталған. Олардың The Steamburger бургері жай ғана тамақ емес, тұтас бір философия саналады. Котлет кәдімгідей қуырылмай, гриль үстінде буға пісіріледі (сондықтан да оны steam деп атайды). Соның арқасында оның сөлі ішінде сақталып, жұп-жұмсақ болып шығады. Екі еселенген сиыр еті, ысталған моцарелла, пияз, маринадталған халапеньо және сәл тәттілеу экстази тұздығы. Осы бургерді жеп алып, үстінен сол жердің сүт коктейлін іше салған қандай ғанибет.
Burgerlabo, Сингапур
Burgerlabo мекемесі мейрамханадағы қатаң қағидалардан шаршаған аспаздың жеке зертханасы деуге болады. Минималистік интерьер, ашық асүй және үстел үстіндегі таразы мұнда әрбір бургерді міндетті түрде өлшеп барып беретінін аңғартады. Basic Burger «Ең қарапайым бургер қандай болуы керек?» деген сұраққа нақты жауап береді. Сиыр етінен жасалған бір немесе екі котлет, екі тілім ірімшік, пияз, тұздалған қияр және ысталған дәмі бар ерекше тұздық. Тоқашы картоп қамырынан пісірілген. Бұл нағыз бургердің таза әрі классикалық үлгісі.
Rocka Doodle, Сеул
Бургердің бағасы мейрамханадағы кешкі аспен пара-пар келетін Ханнам-дон ауданында Rocka Doodle атты бар өз тұтынушыларына талай жылдан бері адал қызмет етеді. Олар өздерінің атақты The More Classic бургеріме танымал. The More Classic дегеніміз карамельденген пияз қосылған және корейлік ерекше акценті бар қос чизбургер. Оның ішіне ашытылған соя пастасынан (дендян) жасалған тұздық пен маринадталған қырыққұлақ өскіндері салынады. Зәйтүн мен қиярдың орнына қырыққұлақ қосу құлаққа түрпідей тие ме? Бірақ дәмі тіл үйіреді! Бұл орынға жарнама тақталарының қажеті де жоқ, өйткені бургердің керемет дәмін халық ауыздан-ауызға таратып жүр.
Taihu Daan, Тайбэй
Даань ауданында Taihu Daan атты сәнді мекеме орналасқан. Олардың The Motz Stack бургерлерін 80-шы жылдардағы америкалық бургерлерге көрсетілген үлкен құрмет дерсің, бірақ оның бойында тайваньдық мінезі бар. Жұп-жұқа үш котлет, олардың арасына қытырлақ етіп қуырылған моцарелла тілімдері салынған. Пияз сақиналары, халапеньо және ранч тұздығы. Пішініне аса мән берілмегенмен, дәмі ғажап. Қол сүртетін майлықты көбірек ала салыңыз, себебі олар мұнда сізге молынан керек болады.
Homeburg, Бангкок
Homeburg ковидтік локдаун кезіндегі үйдегі шағын жоба ретінде басталған. Қазір бұл Бангкоктағы кез келген адам кіре алмайтын жабық орындардың бірі. Себебі олар күніне санаулы сағатқа ғана ашылады. OG Burger нағыз түпнұсқа саналады. Оның құрамында жергілікті фермадан әкелінген тай сиырының етінен жасалған котлет, қолдан пісірілген бриошь, қақталған қызанақ, ысталған паприка қосылған тұздық және чеддер ірімшігі бар.
Ngoặm, Ханой
Вьетнам тілінен аударғанда «тістеп алу» деген мағына беретін Ngoặm Ханойдың көне көшелердің бірінде орналасқан кіп-кішкентай ғана дүңгіршек. Мұнда кондиционер де, орындық та жоқ, сондықтан көпшілік тамақты түрегеп тұрып жей салады. The Double Smash Burger дегеніміз шеті бұдырланып қуырылған екі котлет, ысталған гауда ірімшігі, кәдімгі қиярдың орнына маринадталған дайкон мен сәбіз, сондай-ақ балық дәмі бар тұздық. Иә, таңғалмаңыз, кәдімгі балық дәмі шығады. Бұл биылғы жылдың ең тосын, ең вьетнамдық әрі ең дәмді бургерлерінің бірі.
