Dining|Food

Португалдық egg tart пен дүркіреген кештер: Алматы мен Астанадағы 10 жаңа орын

АвторыTatler Kazakhstan
07.08.2026
Getty Images
IMAGE Getty Images
Қазақстанның қос мегаполисінде жаңа мейрамханалар, кофеханалар, фитнес-студиялар мен барлар бірінен соң бірі ашылып жатыр. Олар келушілерді тек дәмді асымен емес, ерекше атмосферасымен, заманауи дизайнымен және жаңаша әсерімен таңғалдыруға тырысады. Назарларыңызға соңғы айларда ашылған ең қызықты орындардың топтамасын ұсынамыз

Қазақстанның қос мегаполисінде жаңа мейрамханалар, кофеханалар, фитнес-студиялар мен барлар бірінен соң бірі ашылып жатыр. Олар келушілерді тек дәмді асымен емес, ерекше атмосферасымен, заманауи дизайнымен және жаңаша әсерімен таңғалдыруға тырысады. Назарларыңызға соңғы айларда ашылған ең қызықты орындардың топтамасын ұсынамыз.

Алматы

DANTA

  • Мекенжайы: Әл-Фараби даңғылы, 120/53

Тәттіні жақсы көретіндер DANTA-ға міндетті түрде бас сұғуы қажет. Бұл жаңа орын әйгілі португалдық egg tart десертін дайындаумен ерекшеленеді. Тәттілер үнемі жап-жаңа, жұп-жұмсақ күйінде тұруы үшін, оларды күн сайын аз мөлшерде ғана пісіріп отырады. Кофемен бірге тіскебасар ретінде жеуге немесе жақыныңызға тәтті сыйлық ретінде апаруға таптырмас нұсқа.

POMO Bistro

  • Мекенжайы: Самал-2 шағын ауданы, 43

Бұл заманауи бистроға күн сайын келіп тамақтануға болады. Мәзірден таңғы, түскі және кешкі асты, түрлі еуропалық тағамдар мен бай шарап картасын табасыз. Ішкі атмосферасы таңертең асықпай кофе ішіп отыруға да, кешке достармен көңіл көтеруге де өте қолайлы.

Just Khinkali

  • Мекенжайы: Әл-Фараби даңғылы, 5/2

Грузин тағамдарын ұнататындар Just Khinkali мейрамханасына міндетті түрде бас сұққаны жөн. Бұл орын дәстүрлі хинкалиімен және нағыз кавказдық қонақжайлылығымен ерекшеленеді. Классикалық грузин тағамдарынан бөлек, тамаша шарап жиынтығы ұсынылады. Ал интерьері отбасымен ұзақ дастарқан басында отырып, әңгіме-дүкен құруға қолайлы жылы атмосфера сыйлайды.

Le Kiosque

  • Мекенжайы: Зенков көшесі, 75

Адамдар дұрыс тамақтануға әлі де қатты мән береді. Le Kiosque келушілерге түрлі боул, смузи, specialty-кофе және құрамында қант жоқ тағамдар ұсынады. Асығыс жүріп-ақ пайдалы таңғы немесе түскі ас ішкіңіз келсе, дәл осы жерге келіңіз.

The Studio Floor

  • Мекенжайы: Құрманғазы көшесі, 54, 2 қабат

Бұл – музыка, дәмді коктейль және көңілді кештерді біріктірген жаңа қалалық кеңістік. Мұндағы басты ерекшелік – винил сеттер, сапалы дыбыс және қара мәрмәр қолданылған стильді интерьер. The Studio Floor – тыныш әрі талғампаз түнгі өмірді қалайтындарға арналған орын.

Астана

Marmelatte

  • Мекенжайы: Әл-Фараби даңғылы, 9/2

Бұл жаңа кофехана күні бойы таңғы ас, десерт, жаңа піскен нан өнімдері мен specialty-кофе ұсынады. Мұнда үй жануарларымен еркін кіруге (pet-friendly) рұқсат етілген, әрі балаларға арналған бөлек бұрыш та бар. Сондықтан мұнда бүкіл отбасымен келіп демалуға әбден болады.

Table Coffee

  • Мекенжайы: Тәуелсіздік даңғылы, 47А

Tengri City жанындағы бұл шағын кофехана тыныш ортаны ұнататындарға арналған. Мәзірде specialty-кофе, матча, таңғы ас пен жеңіл тағамдар бар. Кеңістіктің өзі жұмыс істеуге де, іскерлік немесе достармен кездесуге де өте қолайлы.

Altai Dan

  • Мекенжайы: Түркістан көшесі, 16/5

Жаңа кондитерлік дүкен қолдан пісірілген нан өнімдерімен, табиғи ингредиенттерімен және тапсырыспен жасалатын мерекелік торттарымен ерекшеленеді. Десерттерден бөлек, мұнда бәліштер мен авторлық тәттілер де дайындалады.

The Hedonist Pub

  • Мекенжайы: Байтұрсынұлы көшесі, 9

Елорданың қақ ортасында еуропалық тағамдары мен коктейль картасы бар, кешкі демалысқа арналған ерекше паб ашылды. Достармен кездесуге де, жұмыс күнінен кейін кешкі ас ішіп қайтуға да жақсы таңдау.

Salute

  • Мекенжайы: Достық көшесі, 5

Коктейль мәдениетін ұнататындар жаңа Salute барын байқап көрсе болады. Бұл жер авторлық сусындарымен және жайлы кешкі атмосферасымен ерекшеленеді.