Dining|Food

КБЖУ-ы алдын-ала есептелген дәмханалар тізімі: Алматыдағы ең үздік healthy-мекендер

АвторыTatler Kazakhstan
03.09.2026
КБЖУ-ы алдын-ала есептелген дәмханалар тізімі: Алматыдағы ең үздік healthy-мекендер
КБЖУ (калория, белок, май және көмірсу) тепе-теңдігін қатаң қадағалайтын адам үшін мейрамханаға бару кейде нағыз тергеуге айналады. Қанша май қосылды? Тұздықтың құрамы қандай? Мәзірдегі «пайдалы боул» расымен пайдалы ма? Әрине, мейрамханаға таразы мен калория кестесін алып келіп, әр тағамды жіті тексеруге құқығыңыз бар. Бірақ кейде артық ойланбай, жай ғана дәмді тамақтанғың келетін кездер болады

Қуанышқа орай, бұл жұмысты сіздің ыңғайыңызға алдын-ала жасап қойған орындар бар. Олар тағамның құрамын толық жазып, калориясы, ақуызы, майы мен көмірсуды нақты есептеп қойған. Порция көлемін де өз қалауыңызша таңдай аласыз. Пайдалы әрі дәмді ас ішіп, тәрелкеңізде нақты не барын білгіңіз келсе, Алматының келесі healthy-локацияларына назар аударыңыз.

Baq

Бұл Messa мен Fika командалары ұсынған жазғы поп-ап жобасы. Қалалық жылыжайдың мөлдір шатыры астында орналасқан. Дәмхана мәзірінің басты кейіпкері – көкөністер, жидектер мен шөптер. Олар Fika-ның өз бақшасы мен жергілікті шаруалардан әкелінеді. Біздің сүйікті тағамымыз – стейк-боул. Оның құрамында ет пен көкөністен бөлек, антиоксидантқа бай балғын жидектер мен пробиотикке толы ашытылған қырыққабат бар. Пайдалы ас расымен дәмді болатынына осы жерде көз жеткізесіз. Baq жобасын келесі жазда қайта көреміз деп үміттенеміз.

Chou Chou

«Сәлем, Сосед!» командасының wellness-дәмханасы. Мұнда қант пен глютенсіз, аты аңызға айналған сүзбе құймақтары беріледі. Қонақтар өздерін «шушуенсерлер» деп атайды. Мәзірде боулдар мен спринг-роллдардың орны ерекше. Өйткені онда тағам талшықтары, көмірсу, ақуыз бен пайдалы майлар тепе-теңдігі дәл есептелген. Бұл жерде КБЖУ (калория мен макронутриенттер) қосымшасын ашпай-ақ, астың рақатын толық сезіне аласыз. Ал ақуыз мөлшерін арттырғыңыз келсе, протеинді сусындарға тапсырыс беріңіз.

The Green Station

Мұндағы ас мәзірі нутрициологтармен бірлесе жасалған. Таңғы асты конструктор секілді өз қалауыңызбен құрастырып алуға болады. Ақуызға басымдық бересіз бе, сәйкес келетін көмірсуды таңдайсыз ба немесе көкөніс үлесін көбейтесіз бе – бүгінгі күнге не керегін өзіңіз шешесіз.

Casserole

25 жылдық тәжірибесі бар дәрігер-гастроэнтеролог құрған жоба. Олар Қазақстандағы салауатты тамақтанудың бастауында тұр. Тамақ пісіруге уақыт болмаса, олардың дайын өнімдері таптырмас көмекке айналады. Мәзірде гхи майына піскен көкөніс вафлилері, кето-паштеттер, сүйек сорпалары мен ашытылған тағамдар бар. Үйге дайын асқа тапсырыс беріп, денсаулыққа зиян тиеді деп алаңдамауға әбден болады.

Aroma

Алматылықтардың сүйікті таңғы ас орны. Бұл жерде қарапайым әрі түсінікті өнімдерден қалаған таңғы асыңызды жинақтай аласыз. Мәзірде түрлі әдіспен әзірленген жұмыртқа, үйде тұздалған ақсерке, хумус, авокадо, жасыл салат бар. Сондай-ақ осындағы Aroma Green бөліміне назар аударуға кеңес береміз. Ондағы барлық тағамдар әйгілі гарвард тәрелкесі қағидаларына сай әзірленген.

2026 жылдың 10 қыркүйегінде өтетін Tatler Best марапаттау салтанатында Қазақстанның қонақжайлылық саласының үздік өкілдерін жариялаймыз. Біз ең таңдаулы қонақүйлерді, мейрамханалар мен барларды және осы жобалардың басында тұрған тұлғаларды атайтын боламыз.