Алматыдағы Bella Ciao мейрамханасы Accademia Italiana della Cucina (Италия асханасының академиясы) тарапынан ерекше құрметке ие болды. Аталған ұйым 70 жылдан астам уақыт бойы бүкіл әлемде итальяндық кулинария дәстүрлерін сақтаумен және оны дәріптеумен айналысып келеді.
Академия делегациялары әр елдегі итальяндық гастрономиялық мәдениет пен дастарқан әдебіне аса ұқыптылықпен қарайтын үздік мекемелерді таңдайды. Сарапшылар комиссиясының құрамына халықаралық және мәдени ұйымдардың өкілдері кіреді.

Бұл мәртебелі баға мейрамхананың классикалық рецептура мен өнім сапасына баса назар аударатынын, сондай-ақ итальян асханасының қалыптасқан қағидаларын қатаң сақтайтынын айғақтайды. Италиядан тыс жерде жұмыс істейтін мекеме үшін мұндай марапат – халықаралық кәсіби ортаның жоғары сенімі.
Мейрамхана ұжымы атап өткендей, халықаралық қауымдастықтың мұндай мойындауы таңдалған концепцияның дұрыстығын және атмосфераның нағыз итальяндық рухқа сай екенін растайды. Мекемеде тек ас мәзірін ғана емес, сонымен бірге Италияның қонақжайлылық мәдениетін де жеткізуді мақсат етеді.
