Dining|Food

Грузин классикасы: Manana Астанада жаңа мейрамханасын ашады

АвторыTatler Kazakhstan
07.10.2026
Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Мейрамхана Bigville кешенінде есігін айқара ашуға дайындалып жатыр. Мәзірде грузин асханасының біз сүйетін барлық інжу-маржаны бар: қызарып піскен хачапури, дәмді хинкали, хош иісті харчо, тіл үйіретін чихиртма және басқа да дәмдер. Жаңа Manana бұл үйреншікті мейрамханалық клишеден алшақ, заманауи, эмоцияға толы, ұзақ отырыстарға арналған

Мейрамхана астаналықтарға барлық жайлылықты ұсынады: кең үстелдер, хинкали, Грузияның түрлі аймақтарының хачапурилері, харчо мен қолдан өсірілген тауықтан жасалған чихиртма және әрине, бай шарап картасы.

Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан

Мейрамхананың бренд-шефі Нана Такаландзенің ерекше мақтанышы – хачапури. Бұл тағамның басты құпиясы саналатын ірімшікті Manana аспаздары өздері арнайы дайындайды.

«Хачапури – грузин асханасының жаны. Біз тек өзіміз жасайтын табиғи үй ірімшігін қолданамыз. Қонақтарымыз хинкали, харчо мен чихиртманы да қатты жақсы көреді. Ал еленбей қалып жүрген тағамдардың ішінен сацивиді ерекше атап өтер едім. Грузияда бұл ең сүйікті дәмдердің бірі, бірақ мұнда оны бәрі бірдей біле бермейді»

- Бренд-шеф Нана Такаландзе -

Нана Такаландзе | Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Нана Такаландзе | Баспасөз қызметінің мұрағатынан

Жаңа мейрамхананың интерьері бұрынғылардан сәл өзгешелеу. Елордалық Manana классикалық грузин мейрамханасынан гөрі заманауи саяжай үйіне көбірек ұқсайды. Панорамалық терезелер, қалың жасыл желек, ағаш бөлшектер, табиғи фактуралар, жұмсақ текстиль мен көз тартатын тыныш реңктер ерекше атмосфера сыйлайды.

Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан

Негізгі зал 120 қонаққа шақталған. Үлкен мерекелер үшін 100 адамдық жеке банкет залы, ал оңаша басқосулар үшін 12 адамдық VIP-бөлме қарастырылған. Қысқасы, кештің сценарийін көңіл күйге қарай еркін таңдауға болады: екі адамдық романтикалық кешкі астан бастап, көңілді әрі шулы отырыстарға дейін бәріне лайық орын табылады.

Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан

Мейрамхана ресторатор Александр Орлов негізін қалаған Sun Group құрамында дамып келеді. Manana тарихы осыдан он жыл бұрын Алматыда басталды. Бір жыл бұрын Ташкентте дәл осындай мекеме ашылса, енді міне, Астана төрінде үшінші мейрамхана қонақ қабылдауға дайын.