
Renée
Мәсленицаға арналған арнайы мәзір бес түрлі бірегей тағамнан тұрады, бірақ мұндағы ең басты ерекшелік – уылдырықтың шектеусіз берілуінде. Өзіңіз «болды» деп тоқтатпайынша, табағыңызға уылдырық салына береді. Ескертетін жәйт – бұл мәзір 16-22 ақпан аралығында қолжетімді болғанымен, уылдырық қосылған ерекше тағамды тек 20-ақпанға дейін ғана барып татып үлгеруіңіз керек.
FIKA
Мерекелік аптада ұсынылатын тағамдардың қатарында уылдырық салынған құймақтар, алмұрт конфитюрі мен горгонзола кремі қосылған тағамдар, сондай-ақ жұсай мен бұзаудың балбырап піскен жұмсақ еті салынған құймақтар бар. Ал тәттіні ұнататын жандар үшін қоюландырылған сүт пен қаймақтан жасалған балмұздақ қосылған десерттер әзірленіп тұр. Мұның бәрін ыстық сбитень сусынымен бастырып ішуге болады.
Cafeteria
Талғампаз жандар үшін мәзірде ет рагуі мен пармезан мусы қосылған құймақтар, сондай-ақ тауық еті мен моцарелла салынып, пешке пісірілген құймақтар бар. Ал, үйреншікті дәмді қалайтын жандар сүзбе мен кептірілген жемістер қосылған құймақтарға тапсырыс бере алады. Сонымен қатар жаңғақ пен тұзды карамель қосылған құймақ торты мен көкнәр рулетін де жеп көрсеңіздер болады.
Cafe Alma
Мұндағы мәзірден уылдырықтың екі түрі мен ысталған қаймақ қосылған құймақтарды, сондай-ақ сәл ысталып барып дайындалған албырт балығы қосылған нұсқаны кездестіре аласыз. Мұнымен қоса, кептірілген ет пен ысталған чечил ірімшігі салынған тойымды құймақ торты және сүзбе, ірімшік, құлпынай мен шоколад қосылған тәттілер де әзірленген. Ал оладьи сүйер қауым үшін кілегейлі крем, орман жидектерінен жасалған езбе және үйеңкі шәрбатымен ұсынылатын арнайы тағам жиынтығы дайындалуда.
Six Coffee + Wine
Бұл мекен келушілерге қиялына ерік беріп, тағамды «құрастырып шығуды» ұсынады. Яғни қаймақ, бал арасының ұясы, крем-чиз, бүршік вареньесі немесе тұздалған албырт балығын өз қалауыңызша үйлестіріп, жеке тағамыңызды әзірлеп шыға аласыз. Негізгі мәзірде баяу піскен жұмсақ ет, саңырауқұлақ рагусі, ірімшікпен араластырылып көпіртілген сүзбе және аңызға айналған қызыл уылдырық пен албырт қосылған құймақ торты бар. Кешті бал мен дәмдеуіштер қосылған сбитеньмен аяқтауға болады.
«Дареджани»
Грузин мейрамханасы Мәсленицаға орай уылдырық пен албырт балығы қосылған құймақ тортын, сондай-ақ қаймақ пен қызыл уылдырық салынған құймақтарды ұсынып отыр. Тәттілер мәзірі шие езбесі мен көпіртілген қаймақтан, шоколадты-жаңғақ пастасынан, сондай-ақ қоюлатылған сүт пен балғын жидектер қосылған нұсқалардан тұрады.
«Огонек»
«Огонек» аспаздары да сүйікті тағамдарын қонақтардан аяп қалмауды жөн көріпті. Мәзірде қаймақ пен қызыл уылдырық қосылған дәстүрлі құймақтар ғана емес, сонымен бірге ванильді балмұздақ, апельсин және карамель қосылған «креп Сюзетт», сондай-ақ үйдегіше дайындалған мортаделла мен ірімшік қосылған құймақтар да бар.
Chef
Мейрамхана ұжымы қонақтарды өте тартымды сетпен қуантқысы келіпті. Мейрамхана ұсынған жиынтықтың ішінде дәстүрлі құймақтардан бөлек, скандинавиялық гравлакс тамағы да бар. Ол тұз, қант және аскөк қоспасына маринадталған албырт, арқау немесе бақтақ балығынан дайындалады. Бұған қоса, дастарқанға қызыл уылдырық, крем-чиз, таңқурай тосабы, қоюлатылған сүт пен қаймақ қойылып, соңы түрлі тұнбалар жинағымен толықтырылған.
Bella Ciao
талиялық мәзірге де мерекелік құймақтар қосыла кетті. Мұнда бал, сүзбе немесе қызыл уылдырық салынған үйреншікті түрлерден бастап, сиыр еті мен болоньезе соусы қосылған, тәбетті ашатын тойымды нұсқаларға дейін таңдау мүмкіндігі бар.
