Château Fantôme «алдымен тамақ, сосын шоу» деген үйреншікті қағидадан толықтай бас тартады. Мұнда көрініс сіз үстелге жайғаспай тұрып-ақ басталады. Ол бір орында тұрмай, мейрамхананың әр түкпірінде кеш бойы жалғаса береді. Меймандардың үнемі сахнаға телміріп отыруы шарт емес. Залдың түрлі нүктелерінде кезекпен пайда болатын перформанстар кештің ырғағын өзгертіп отырады. Бұл қонақтарға емен-жарқын әңгімелесуге және дәмді астың рақатын көруге толық мүмкіндік береді.


Бұл кеңістік кез келген демалыс түріне сай келеді. Қаласаңыз, кешкі асты ішіп отырып перформанстың бір бөлшегіне айналасыз. Одан әрі караокеде көңіл көтеруге болады. Немесе жақын ортаңызбен жеке, жайлы аймаққа оңашалана аласыз. Уақытты қалай өткізуді және шоуға қаншалықты көңіл бөлуді әр қонақ өзі шешеді.

Жобаның ішкі келбеті еуропалық гранд-отельдердің рухын неоклассика мен ар-деко элементтерімен шебер ұштастырған. Кеңістікті көркемдеуге қара түсті ағаш, мәрмәр, жез бен велюр қолданылған. Ал басты реңк ретінде қою шарап пен шоколад түстері таңдалған.
Château Fantôme мейрамханасының ресми ашылуы 17 қыркүйекте өтеді. Мекенжайы: Алматы қаласы, Назарбаев даңғылы, 275В.
