Кеңістіктің негізгі идеясы – ас ішу мәдениеті ұзаққа созылатын кештің ажырамас бөлігіне айналатын жерортатеңіздік өмір ырғағын қайта жаңғырту. Жоба авторлары нақты бір елдің асханасымен шектелмей, мәзірге Италия, Испания мен Грекияның үздік дәстүрлерін үйлестіруді көздеген. Асхана тізгінін Энвер Джемилов пен Дмитрий Дулов өз қолдарына алды.

Интерьер мен архитектуралық шешімдердің ішінен бірнеше ерекше тұсты атап өтуге болады. Біріншіден, мұндағы асхана толықтай ашық – қонақтар өнімді дайындаудан бастап, тағамның ұсынылуына дейінгі бүкіл процесті өз көзімен көре алады. Екіншіден, залда хамон-бар мен стейктерді пісіруге арналған арнайы камералар бөлінген. Әдетте мұндай техникалық бөлшектерді жасыруға тырысса, мұнда олар дизайнның басты бөлшегіне айналған.

Жерортатеңіздік эстетиканы жергілікті өнімдермен байыту – жобаның тағы бір ерекшелігі. Мұнда холдингтің Mountain Brie атты жеке сырханасында дайындалған ірімшіктерге басымдық берілген. Ал хамон-барынан классикалық испандық дәмнен бөлек, жылқы мен қозы етінен жасалған жергілікті эксперименттік нұсқаларды да татып көруге болады.

Мейрамхана өзіндік ырғағы мен атмосферасы бар бірнеше аймаққа бөлінген. Күндіз мұнда іскерлік түскі ас пен жайлы кездесулер өткізуге қолайлы болса, кеш бата музыка әуені күшейіп, формат мазмұнды кешкі асқа ойысады. Ашылу салтанаты өткен 26-наурызда бұл бағытты жанды дауыс, перкуссия мен диджей-сеттер сүйемелдемек.
Жоба командасы болашақта гастрономиялық кештер мен тақырыптық іс-шараларды дамытуға ниетті. Бұл қадам мейрамхананы жай ғана тамақтану орны емес, өзіндік демалыс мәдениеті қалыптасқан мекен ретінде бекіте түспек.
