Dining|Food

Алматы төріндегі La Dolce Vita: Cinotti мейрамханасының ашылуы қалай өтті?

АвторыВиктория Лебедева
05.05.2026
Фотосуретші: Әсел Асхатова
IMAGE Фотосуретші: Әсел Асхатова
Алматыда Cinotti атты жаңа итальян мейрамханасы ресми түрде ашылды. Бұл шара алғашқы минуттардан бастап кәдімгі гастрономиялық тұсаукесерден гөрі, драматургиясы мінсіз ойластырылған нағыз сән-салтанатты кешке ұқсады

Мекеме табалдырығынан аттамас бұрын қонақтар арнайы рәсімнің куәсі болды. Жайылған қызыл кілем көпшілікті сызыла ойнаған скрипкашылар квартеті тұрған негізгі есікке қарай әдемі бастап апарды. Ішке кіре сала келген қауымды суретке түсуге арналған интерактивті бұрыш қарсы алды. Ұйымдастырушылар дәл осы аймаққа үлкен қоңырау іліп қойып, әрбір қалаған адамға оны соғып көруді ұсынған екен. Қоңырау сыңғырлаған сәтте театр шымылдығына ұқсайтын қалың қызыл перделердің артынан аппақ қолғап киген қол шығып, қонаққа алкогольсіз көпіршікті сусын құйылған бокал ұсынып тұрды.

Фотосуретші: Әсел Асхатова
IMAGE Фотосуретші: Әсел Асхатова
Фотосуретші: Әсел Асхатова
IMAGE Фотосуретші: Әсел Асхатова

Одан әрі қонақтар негізгі залға өтті. Бұл кеңістік толығымен театр форматында безендіріліпті: биік сахна, жұмсақ жарық, интерьердегі барқыт бөлшектер бірден көзге түсетін болса, үстелдер әр адамға сахнадағы көрініс анық байқалатындай етіп орналастырылған. Сондай-ақ залдың кіреберісінде қонақтар үшін алғашқы дәм тату үстелі әзірленіп, онда әдемілеп тізілген десерттер, бірнеше түрлі тіскебасар мен сергітетін алкогольсіз коктейльдер қойылды.

Кештің шарықтау шегі дәстүрлі қызыл лента қию салтанатына ұласты. Одан кейін сөз алған мейрамхананың итальяндық шеф-аспазы келген қауымға қысқаша алғысын білдіріп, итальян асханасына қатысты өзіндік көзқарасын ортаға салды. Ол өз командасымен бірге Алматыға жай ғана дәмді тамақ емес, Италияның нағыз шынайы рухын әкелуді мақсат еткенін атап өтті.

Фотосуретші: Әсел Асхатова
IMAGE Фотосуретші: Әсел Асхатова

Кештің гастрономиялық бөлігі де осал болмады: ас мәзірінде ешқандай күрделі молекулярлық тағамдар немесе көз қарықтыратын жасанды тұздықтар кездеспеді, дастарқанға тек сапалы, нағыз итальяндық классикалық дәмдер қойылды. Тіскебасар ретінде қызанақ конфиті, Кантабрия анчоусы мен үлпілдеген страчателла ірімшігі жағылған қолдан пісірілген нан ұсынылса, артынша қонақтар хош иісті насыбайгүл пестосы мен сарымсақ майы қосылған Генуя дәстүріндегі ыстық фокаччаның дәмін татты. Оған қоса қызанақ тұздығы мен созылмалы ерітілген ірімшік қосып бұқтырылған баялды да дастарқаннан тамаша орын алды. Ал негізгі тағам ретінде шеф-аспаз итальяндық ең танымал екі тағамды таңдапты: бірі қанық қызанақ тұздығы мен пармезаннан жасалған жеңіл мусс қосылған дәстүрлі лазанья болса, екіншісі сырты алтын түстес болып қытырлап қуырылған дорадо балығы еді. Ас мәзірі шеф-аспаздың арнайы авторлық десертімен әдемі түйінделді.

Фотосуретші: Әсел Асхатова
IMAGE Фотосуретші: Әсел Асхатова
Фотосуретші: Әсел Асхатова
IMAGE Фотосуретші: Әсел Асхатова

Кеш бойы сахнада мейрамхананың атын алған Cinotti музыкалық тобы өнер көрсетіп, көпке таныс итальяндық классикалық әуендерді орындап тұрды. Бұл күні жиналған қауымның арасынан танымал тұлғаларды жиі кездестіруге болар еді, мәселен, көптеген қазақстандық блогерлер, инфлюенсерлер, журналистер, фотосуретшілер, оған қоса сән мен медиа саласының өкілдері осы шараның сәнін келтірді.

Фотосуретші: Әсел Асхатова
Фотосуретші: Әсел Асхатова
Фотосуретші: Әсел Асхатова
Фотосуретші: Әсел Асхатова
Фотосуретші: Әсел Асхатова
Фотосуретші: Әсел Асхатова
Фотосуретші: Әсел Асхатова
Фотосуретші: Әсел Асхатова
Фотосуретші: Әсел Асхатова
Фотосуретші: Әсел Асхатова
10 фотоның / 1 фотосы Фотосуретші: Әсел Асхатова

Қорытындылай келе, Cinotti мейрамханасының ашылуы өте әдемі, дәмді әрі жылы атмосферада өтті. Бұл кеш құлақ тұндыратын сандармен немесе пафосқа толы сөздермен емес, адам жанына жақын, ерекше шынайы сәттерімен есте қалмақ. Сыңғырлаған қоңырау дауысы, сусын ұсынған аппақ қолғапты қол, тіл үйіретін фокачча, кіреберісте ойнаған скрипкашылар квартеті мен сахнадан төгілген итальяндық әуендер жиынның көркін ашып, көңілден кетпес әдемі естелікке айналды.

Фотосуретші: Әсел Асхатова
Фотосуретші: Әсел Асхатова
Фотосуретші: Әсел Асхатова
Фотосуретші: Әсел Асхатова
Фотосуретші: Әсел Асхатова
Фотосуретші: Әсел Асхатова
Фотосуретші: Әсел Асхатова
Фотосуретші: Әсел Асхатова
Фотосуретші: Әсел Асхатова
Фотосуретші: Әсел Асхатова
10 фотоның / 1 фотосы Фотосуретші: Әсел Асхатова