Dining|Food

Borjomi ұсынған «Gastro Нұсқаулық»: Гастрономия әлеміне жаңа көзқарас

Автор Tatler Kazakhstan
07.11.2025
Borjomi ұсынған «Gastro Нұсқаулық»: Гастрономия әлеміне жаңа көзқарас

Borjomi – тек минералды су ғана емес, ол – грузин мәдениетінің ажырамас бөлігі, дастархан басындағы дәстүр мен өмірге деген ерекше көзқарастың көрінісі. Бұл жерде дәм, қонақжайлылық және рахат сезімі бір үстелдің басында тоғысады. Енді бренд гастрономияға деген махаббатын келесі деңгейге көтеріп, «Gastro Нұсқаулық» атты толыққанды цифрлық кеңістікті іске қосуда

Дәмге толы цифрлық саяхат

«Gastro Нұсқаулық» – Borjomi бренді жасаған алғашқы гастрономиялық портал. Бұл жоба Грузия жұртшылығына бұрыннан таныс болғанымен, енді өз шекарасынан асып отыр: биыл ол Қазақстан мен Өзбекстанда басталды, ал келесі жылы басқа елдер де қосылмақ.

Жобаның негізгі идеясы – өте қарапайым: адамдарға Borjomi-ді ашқандағыдай жеңілдікпен гастрономия әлемін ашуға көмектесу.

«Gastro Нұсқаулық» үш негізгі бағытты біріктіреді: «РестоГид» (Мейрамханалар сарапшысы), «Borjomi тағаммен» және «Гастрономиялық іс-шаралар».

«РестоГид» – бұл кәдімгі гастрономиялық жолсілтер. Мұнда астанадағы жаңа орындардан бастап, ел біле бермейтін ең үздік мейрамханалар, кафелер мен барлар жинақталған. Құрғақ тізімдердің орнына, бұл жерде жанды хикаялар, мекеменің өзіндік болмысы, бас аспаздың философиясы және қаланың дәмін айқындайтын атмосфера көрсетілген. Сіз мұнда талғампаз маусымдық мәзірлерден дәм татып, авторлық гастрономиялық тұжырымдамалармен танысып, қай тағамның Borjomi-мен үйлескенде тіл үйіретінін тәжірибе жүзінде тексере аласыз.

«Borjomi тағаммен» – бұл дәм үйлесімдігі мен бренд үшін ең маңызды құндылық – қонақжайлылық туралы бөлім. Өйткені Грузияда кез келген дастархан Borjomi құтысын ашудан басталады. Бұл жерде ас әзірлегенді ұнататындар үшін рецепттер, кеңестер мен шабыт жинақталған. Borjomi тау бұлақтарының тазалығын сыйлай отырып, кез келген тағамды мерекелік аcқа айналдырады.

«Гастрономиялық іс-шаралар» – бұл платформаның желіден тыс жалғасы. Ол фестивальдарды, кешкі астарды, дегустацияларды және бас аспаздармен коллаборацияларды қамтиды. Жоба Грузияда арнайы кешкі астар сериясымен басталып, оның шарықтау шегі – Тбилисиде өткен гала-кеш болды. Оған Ұлттық туризм әкімшілігі, қонақүй бизнесінің өкілдері, бас аспаздар мен инфлюенсерлер қатысты.

Жай ғана жол нұсқаулық емес

«Gastro Нұсқаулық» – жай ғана мейрамханалар тізімі емес. Бұл – кәсіпқойларды, энтузиастарды және тағамдардан шабыт іздейтін барлық жандарды біріктіретін мәдени навигатор. Мұнда гастро-саяхаттарды жоспарлап, жаңа дәмдерді ашып, трендтер мен оқиғалар туралы білуге болады. Ең бастысы – Borjomi-мен бірге сол баяғы жеңілдік сезімін қайта сезінуге болады.

Толық ақпаратты gastroguide.borjomi.com/kz сайтынан таба аласыз.