Табиғи таза шарап түрлері мен оларды Алматының қай жерінен табуға болатыны жайлы айтып береміз.
Егер сіз рислинг пен жаңазеландиялық совиньон-бланның ерекшелігін анық айыра алсаңыз, жаңа дүниені ашатын уақыт келді деген сөз. Сізге ұсынып отырған табиғи шараптар стилді қаптамасымен, өзгеше жұпар иісімен, тіл үйірер дәмі және сәл қымбаттау бағасымен ерекшеленеді.
Қарапайым тілге салғанда, «табиғи шарап» дегенде, ашу процесіне адамзаттың барынша минималды деңгейді араласуы көкейге оралуы керек. Мұндай шараптар көбінесе сүзгіден өткізілмеген күйде тұнбамен келеді, сондықтан олар сәл бұлдырлау болып көрінеді.
Қызықты дерек: заманауи табиғи шарап өндірісінің негізін қалаушы деп ғалым Жюль Шовені атайды. Ол 1980-жылдары алғаш рет пестицидтерден бас тартып, сапалы жүзімді күкірт қолданбай-ақ өңдеуге болатынын анықтайды. Осылайша, табиғи шараптың алғашқы коммерциялық үлгісі пайда болып, шарап өндірісінде жаңа бағыттың негізі қаланды.


Табиғи шараптарға жаһандық қызығушылық Лондоннан басталған. 2012 жылы шарап саласында аты шыққан Изабель Лежерон алғашқы RAW Wine көрмесін ұйымдастырып, табиғи шараптың «табынушыларының» басты жиын-тойының негізін қалап берді.
Бүгінде табиғи шарапты сән-салтанаты жарасқан шарапханалардан, барлардан және мейрамханалардан табуға болады. Мың шараптың ішінен дәл бұл шарапты тану үшін бір жұтым жеткілікті деседі. Оның ерекше дәмі күкірттің төмен мөлшері мен еркін ферментацияның нәтижесі болса керек. Кейде мұндай шараптар дымқыл топырақ пен інжірден бастап, сірке, маринад, тіпті шіріген жұмыртқаның иісіне дейін.күтпеген әсерлер мен дәмдер палитрасын ұсынады.

Сонымен, не ішу керек?
Петнат – бұл ферментация толық аяқталмай тұрып бөтелкеге құйылатын қышқыл шараптар. Олардың басты ерекшелігі – балғын дәмі мен інжу тәрізді ерекше ұсақ көпіршіктері (сомельелер оларды «перляж» деп атайды).
Қызыл сары шараптар ақ жүзім сорттарынан жасалып, қызыл шарап технологиясы бойынша өңделеді. Жүзім сүйектермен бірге ашып жатып, қызылға айналмай тұрып, бөтелкеге құйылады. Оранж атымен танымал бұл сусын тек сәнқойлықтың емес, терең талғамның нышанына айналған.
Ақ табиғи шараптар көбіне қанық, қою және танинді болып келелі. Себебі ашыту процесі қабығымен және кейде сабағымен бірге жүргізіледі.
Қызыл табиғи шараптар – мүлдем бөлек оқиға. Олар жеңіл әрі алкоголь мөлшері төмен болып келеді. Дәмінде сәл-пәл «компотқа» ұқсаған, не жеміс-жидекке келетін қышқылтым болады.
Алматыда табиғи шарапты қай жерде ішуге болады?
The Bottle
Назарбаев даңғылы, 130
Agora
Қабанбай батыр көшесі, 83
Them
Абай даңғылы, 23
Jent
Абай даңғылы, 109/7
Nuala
Бөгенбай батыр көшесі, 134
Alma Wine
Абылай хан даңғылы, 123





