Сингапурдың танымал сомельелері 2025 жылды қарсы алуға лайық ең жақсы жаңа жылдық шампан және шымырлы шарап тізімін ұсынады
Сағат тілі 12-ге жақындап, жаңа жылдың келе жатқанын сезгенде, шампан қақпағын ату сәті жаңа жылдық көңіл күйді көтереді. Әрине, шымырлы шараптың барлығы бірдей емес. Белгілі француз шампаны әлі де көшбасшы болғанымен, жаңадан пайда болған қызықты шымырлы шараптар да оның деңгейіне жетуге тырысып жатыр.
Tatler Dining Сингапурдың ең үздік сомельелерінің шымырлы шараптар тізімін ұсынады. Ендеше сән-салтанатты шампандардан бастап талғампаз шымырлы шараптарға дейінгі жыл бастауына лайық ақ парақтай жарқыраған сусындарға бір сәт көңіл бөлейік. Бокалдар сыңғырлап, тосттар айтылсын, сәйкесінше біз көңілді кеш пен жаңа бастамаларға сақадай сай болайық.
1. Odette мейрамханасының бас сомельесі Лесли Лю
Әрине, шампан. Оның шымырлығы жеңіл әрі мерекелік атмосфера қалыптастырып, тамақтануды одан әрі жағымды етеді. Мен 2017 жылғы оңтүстік Шампаньдағы Кот-де-Бар аймағынан шыққан Marie Courtin Concordance blanc de noir extra brut шарабын ұсынар едім. Бұл шарапты дарынды әйел шарапшы Доминик Моро жасайды. Ол шараптың табиғи мәнін сақтауды мақсат етеді, сондықтан бұл жаңа жылды қарсы алуға тамаша таңдау дер едім. Бұл шампан керемет қышқылдығымен, сергектігімен және дәмі аузыңызда толық сезілетін құрылымымен ерекшеленеді.

2. Park90 атты Сингапур мейрамханасының шарап директоры Мейсон Нг
Жүзім қоспасынан жасалған шампандардың арасында маған Francis Boulard Petraea III ұнайды. Бұл шарап алғаш рет 1997 жылы өндірілді, бірақ он жылдан кейін оның өндірісі уақытша тоқтатылды. 2012 жылы қайта жанданды. Алғашында жүзім қоспасынан жасалған шараптың рецепті сәл өзгертілген. Қазір ол Пино Нуардан жасалатын cuvee деген атпен танымал.
Бұл шараптың дәмі көптеген қабаттан тұрады, күрделілік пен концентрация сезіледі, әйтсе де шарап минералдар мен сергектік сыйлар қасиетке де бай. Оның құрамында бриошь, қоңыр май, тәтті дәмдеуіштер мен фундук ноталары бар. Сондай-ақ өрік пен қызыл алма сияқты жемістердің де дәмі сезіледі. Бұл — жақындарыңызбен бірге дәм татар таңғажайып шарап.

3. 67 Pall Mall атты Сингапур мейрамханасының бас сомельесі Роберто Дюран
Менің таңдауым — Розе шампаны. Дом Перионьонның алғаш рет шампанынан дам татқан кезде айтқан бір сөзі бар: «Мен жұлдыздардың дәмін татып жатырмын! Жылдамырақ, бері келіңіздер!» Бұл, менің ойымша, жаңа жылды ерекше қарсы алудың тамаша жолы. Жеңіл, ашық түсті және санаңызды сергітер шарап түн сиқырын тамаша толықтырады.

4. Zén мейрамханасының бас сомельесі Рубен Хью
Krug шампанының бір бөтелкесі ешқашан бұрыс шешім болмасы анық. Шампан бөтелкесін мерекелік мақсатта сілкіп-шайқау да — қашанда жақсы идея.

5. Raffles Hotel мейрамханасының көмекші бас сомельесі Жастин Уи
Көптеген тамаша шымырлы шараптар бар, бірақ мен Champagne Egly-Ouriet шараптарына ерекше ықыласпен қараймын. Бұл менің алғаш рет дәмін татқан шампаным болды. Оның дәмі тіл үйіргені соншалық, терең әсер қалдырып, мәңгі есте қалды.

6. Somma мейрамханасының аға сомельесі Кэтрин Вонг
Жаңа жылды бастаудың ең жақсы жолы — шампан бөтелкесін ашу! Менің жеке таңдауым — Krug Grande Cuvée 172ème Édition. Бұл шығарылым Krug отбасының 2016 жылғы климаттық қиындықтарға бейімделу шеберлігін көрсетеді. Бұл — олардың 1843 жылдан бергі жаңашыл шарап жасау әдісінің айқын мысалы.
Бұл бөтелкені ерекше ететін нәрсе — оның әдемі гүлді хош иістері. Сонымен қатар оған кремді марципанның дәмі тән. Әр ұрттамы керемет ләззат сыйлайды. Осы шампанды кешкі асқа ашқанда, қонақтарымыз қуанышын жасырмайды. Ол осы жаңа жылдық мерекенің нағыз символына айналды. Жаңа жылды қарсы алудың бұдан артық жолы барына күмәнім зор.

7. Terra мейрамханасының бас сомельесі Дайсуке Шибуя
Жыл соңында шарап таңдағанда бірнеше жағдайды ескеру қажет. Достармен бірге үйде атап өтетін сауық кешке просекко жақсы таңдау болады. Бұл шарап Венеция мен Фриули-Венеция Джулия аймақтарында Италияның солтүстігінде өндіріледі. Просекко әдетте жеңіл, жемісті және ішуге ыңғайлы. Отбасы жиналысына кава немесе Франчакорты шараптары жақсы таңдау болар еді. Екеуі де шампанмен бірдей дәстүрлі әдіспен жасалады. Бұл шараптардың бағасы қолжетімді әрі дәмді.
Өз жұбыңызбен романтикалық кешкі асқа винтаж шампаны жақсы таңдау болады.

8. Уайман Кок, Cloudstreet мейрамханасының бас сомельесі
Шампан — мереке нышаны. Менің таңдауым — Champagne Drappier. Бұл шарапты білмейтіндер үшін айта кетер жайт, Мишель Драппьер шарап дайындауда күкірт диоксидін қолданбайтын алғашқы шампан өндірушісі болған. Сонымен қатар қолданылатын жүзімдер органикалық әдіспен өсіріледі. Бұл шампан көпқырлы, дәмі керемет, әсіресе қуырылған тағамдар мен ірімшіктермен бірге тамаша үйлеседі.

9. Vitis мейрамханасының сомелье-иесі Гэри Лоу
Әсерлі, тәлім беретін әрі сәнді бөтелке іздесеңіз, Special Club-тан бір шарапты қарастырыңыз. Бұл престижді cuvee тек Club Tresors de Champagne мүшелерінің 24 Domaine тарабынан ғана өндіріледі, оларды Grower үйлері деп те атайды. Mousse Fils ‘Special Club’ Les Fortes de Terres Brut grand cru шарабын мысал ретінде алуға болады. Бұл ақ шампан, яғни blanc de noirs 100 пайыз пино мёнье жүзімінен жасалған. Шарап жұмсақ әрі сәнді, кеш соңында жағымды әсер қалдырары сөзсіз.

10. Convivial мейрамханасының сомелье-иесі Йо Си Ян
Дәл осы шампан — әлеуметтік тұрғыдан жақсы қабылданатын жалғыз сусын. Басқа да керемет шымырлы шараптар бар, бірақ жаңа жылдық кеште одан басқасын ұсынып, ұятқа қалмаңыз.
Доусон Танның осы мақаласы алғаш рет 2024 жылдың 22 желтоқсанында ағылшын тілінде жарияланған, Tatler KZ үшін қазақ тіліне 2024 жылдың 24 желтоқсанында аударып, жаңартқан — Адиса Кин.

