Интерьер дизайны Asia Pacific Property Awards аясында үздік атанған Астанадағы Dio Grand Café мейрамханасы туралы әңгімелейміз.
Астанадағы Dio Grand Café мейрамханасы Asia Pacific Property Awards сыйлығына ие болды. Бұл сыйлық 1993 жылдан бері әлемнің ең үздік жобаларын анықтап келе жатқан сәулет өнері және дизайн салаларындағы халықаралық International Property Awards байқауы аясында табысталды.
Dio Grand Café жобасы Antonovych Design студиясына тиесілі. Мейрамхана Leisure Interior (ағылшын тілінен – «Демалуға арналған интерьер») категориясында жеңіске жетті. Бұл шешімді 100-ден астам халықаралық сарапшы, оның ішінде автодизайнер Фрэнк Стивенсон, International Property Magazine-нің бас редакторы Хелен Шилд және Ұлыбритания Лордтар палатасының мүшесі Ричард Бест сынды алыптар қабылдады.



