Мерекелік тағам: наурыз көже дайындайтын мейрамханалар топтамасын ұсынамыз.
Наурыз көже – түркі халықтарының дәстүрлі мерекелік тағамы. Ол жеті дәмнен тұрады: су, ет, ұн, май, дәнді дақыл, тұз және сүттен жасалған тағам. Бұл тағамның қалай бірлік белгісіне айналғаны туралы аңыз да бар. Ең алғаш наурыз көжені үлкен қазанда пісіріп, ашыққан жандардың бәріне дәм татқызыпты. Түріктер арасындағы түсініспеушілік, дау-дамай осындай бір амалдың арқасында тоқтаған деген тәмсіл бар. Қазір бұл тағам жылда дайындалады. Бес күн демалыста сол дәмнен ауыз тиюге асық жандарға арнап Алматыдағы дәмі тіл үйірер наурыз көже ұсынатын мейрамханалар топтамасын жинақтадық.
Tör
Tör мейрамханасында наурыз көженің классикалық дайындалу тәсіліне ерекше мән беріледі. Тағам негізінен ұнтақталған жүгері, сүт және тауық сорпасынан жасалады. Куркума әдемі түске бояса, зира дәмін аша түседі. «Біздің наурыз көжеміздің дәмі сүрленген қазы, асылған жылқы еті және дәнді дақылдар қоспасы ретінде түпнұсқаға барынша жақын келеді», – дейді мейрамхананың бренд-шефі Руслан Абдураманов. Мейрамхананың бұл тағамды ұсынуы да ерекше. Тәрелкеге тамақтың қоюы десте ретінде салынып, сұйығы шағын көземен бөлек әкелінеді. Тағам құрамындағы дәмдерді ұзақ тамашалауға болады, бірақ қарап отыра берсеңіз, сорпа суып қалуы мүмкін.
Қашан: 22–23 наурыз
Қайда: Әл-Фараби даңғылы, 77/7 к1 (Esentai Mall жанындағы шыны текшенің екінші қабаты)


Jinau
Jinau-да бір қызық дәстүр бар. Мейрамхана қызметкерлері аспаздарға өз әулетінің көже дайындау тәсілін үйрететін туыстарын шақырады. Наурыз көжені мейрамхана директоры Ләззат Сәмбетованың әпкесінің тәсілі бойынша дайындайды. Тағам өте дәмді. Сүрленіп, ұнтақталған құрт сорпаға қышқыл дәм, ал жүгері тәтті дәм береді. Ләззат үшін бұл тағам бірнеше ұрпақтың басын қосқан махаббат белгісіне айналған. Ол көже дайындау тәсілін енесінен үйреніпті. «Маған көжені қалай пісіруді емес, оның құрамындағы әр дәмнің мән-мағынасын үйретті. Онсыз наурыз көже дайындау мүмкін емес», – дейді ол.
Қашан: 22 наурыздан 1 сәуірге дейін
Қайда: Розыбакиев көшесі, 263 (MEGA Alma-Ata СОСО)