IMAGE Шанхай қаласының орталығындағы Rong Zhai | 2x4.org

Шанхайдың тарихи Rong Zhai резиденциясында Вонг Кар-Вайдың әлеміне сүңгітіп жіберетін Mi Shang атты мейрамхана ашылғалы жатыр.

Mi Shang – Prada-ның Азиядағы алғашқы жеке мейрамханасы. Ол Шанхайдың қақ ортасындағы тарихи әрі өнер кеңістігіне айналған Rong Zhai резиденциясының екінші қабатында орналасады. Бұл ғимарат 1918 жылы салынған, ал 2017 жылы Prada Group оның тарихи келбетін қайта жаңғыртты.

Mi Shang жобасының тұжырымдамасын гонконгтық режиссер Вонг Кар-Вай әзірлеген. Мейрамхана атауы қытай тілінен «құмарлыққа берілу» немесе «бірнәрсеге әуестену» деп аударылады. Логотипін жасау кезінде режиссер тет-беш – бір-біріне төңкеріле жалғанған екі бірдей пошта маркасы идеясынан шабыт алған. Интерьер дизайнында Вонг Кар-Вайға тән айна ойыны мен контраст элементтері көрініс тапқан, ал кей тұстары «In the Mood for Love» бен «Happy Together» фильмдерінің атмосферасын еске салады.

Tatler Asia
IMAGE Вонг Кар-Вай әзірлеген Mi Shang Prada Rong Zhai логотипі

Mi Shang мейрамханасында таңғы ас, түскі мәзір, бестің шайы, кешкі ас пен кешкі коктейльдер ұсынылады. Fine dining мәзірінде италиялық ас үйге қытайлық дәмдердің үйлесімі ерекше екпін береді. Mi Shang мейрамханасы 31 наурызда ашылады, ал 28 наурызда осы тарихи резиденцияда ашылу құрметіне арнайы коктейльдік шара өтеді.