Louis Vuitton компаниясы Лимож фарфорынан жасалған ыдыс-аяқ топтамасын ұсынды
Гастрономия әлеміндегі сән мен талғамның дәстүрін жалғастыра отырып, Louis Vuitton екі түрлі ыдыс-аяқ тотамасын ұсынады. Бұл жинақ нәзік қолөнер мен заманауи кербездіктің үндесуінен пайда болғандай.
Constellation коллекциясы Лимож фарфорынан жасалған және 13 бірегей заттан тұрады. Әрбірі пуантилизм өнері арқылы өз тарихын баяндайды.
Monogram гүлді өрнегі нүктелі өнердің нағыз «симфониясына» айналып, тәрелке мен шәйнектерге көрік берген. Мұндай сервиз күнделікті шай-пайыңыздан бастап, кешкі жиындарыңызға дейін түгел талғампаздықтың үйлесім тапқан ортасына айналдырады.
Ал екінші Splendor коллекциясы 17 бұйымнан тұрады. Олар дастарханды жаңа деңгейге көтерген. Қалай дейсіз ғой? Әрбір бұйымда Louis Vuitton логотипі алтынмен қапталған Лимож фарфорының бетінде өрнектеліп, ерекше сиқыр әсерін жасайды.
Екі коллекция да l’art de vivre à la française концепциясы аясында дүниеге келген. Әрі дастарқанды өзінше бір эстетикасымен безендіріп жіберген.
Әрбір бұйым тек функционалды элемент емес, сонымен қатар брендтің кемелдікке ұмтылысының айғағы іспетті. Бұл бұйымдар кез келген дастарханға көрік беріп, жылдың кез келген уақытында мерекелік атмосфера сыйлай алады. .
Баяу таңертеңгі кофеден бастап, салтанатты кешкі асқа дейін — әрбір бөлшек Louis Vuitton үйінің шеберлігін бейнелеп, бай мұраны қазіргі заманғы өмір салтының эстетикасымен үндестіріп жібереді.