IMAGE Шевал Блан Париж

Көктем келгені сол екен, Le Tout-Paris мейрамханасының террасасы қайтадан қонаққа толды. Париждің ең әсем көріністерінің бірін тамашалауға болатын орын туралы сіз де оқи отырыңыз.

Парижге жолыңыз түссе, міндетті түрде Le Tout-Paris-ге соғып кетіңіз. Бұл – заманауи француз брассериі, Michelin жұлдызының иегері. Ол Cheval Blanc Paris қонақ үйінің жетінші қабатында орналасқан. Ғимаратын 2021 жылы LVMH тобы толықтай жаңғыртқан, ал Cheval Blanc Paris әйгілі гидтің үш «кілтін» иеленген. Le Tout-Paris интерьері ар-деко стиліндегі классикалық француз бистроларына ұқсатып жасалған. Ішкі кеңістігі жылы әрі жайлы, табиғи жарық молынан түседі, ал сыртқы жасыл террасасынан Париж Құдай-ана ғибадатханасы, Эйфель мұнарасы және Париждің басқа да көрнекті орындарын көруге болады.

Tatler Asia
IMAGE Cheval Blanc Paris
Tatler Asia

Le Tout-Paris-дегі таңғы ас – хош иісті жаңа піскен бриoш, қытырлақ нан өнімдері, жұмыртқа тағамдары, кептірілген ет, ақсерке, үйде дайындалған ыстық шоколад пен аймақтың үздік сүт өнімдерінің тамаша үйлесімі. Түскі ас мәзірінде асшаян, авокадо және кориандр қосылған тарталеткалар, «а-ля меньер» әдісімен дайындалған камбала, грильде қуырылған көк лобстер және дәстүрлі париждік брaссери тағамдары мен десерттері ұсынылады. Le Tout-Paris-ге әсіресе жексенбі күні бару керек. Дәл осы күні шеф Уильям Бекен мен бас аспаз Арно Донкель қонақтарын сүйікті тағамдарының классикалық әрі заманауи нұсқаларымен қуантады.

Tatler Asia
IMAGE Cheval Blanc Paris
Tatler Asia

Темы