Бельгиялық шеф-аспаз Вики Гюнестің Қазақстанда БеНиЛюкс сауда палатасының қолдауымен өткен эксклюзивті кешкі астардағы аспаздық тәжірибесі туралы айтып береміз.

Вики Гюнес – арнайы білімсіз, өз бетімен шеберлігін шыңдаған аспаз, көптеген беделді марапаттардың иесі. Оның Zilte мейрамханасы Michelin-нің үш жұлдызымен марапатталған. Ал 2024 жылдың қараша айында ол Best Chef Awards сыйлығында аспаздық индустрияға қосқан ерекше үлесі үшін «қос пышақпен» марапатталды. Біз Викиден мансабы, жауапкершілігі және Қазақстандағы гастрономия туралы сұхбат алдық.

Жоғары аспаздық өнер әлеміне қалай келдіңіз?

Барлығы шығармашылық пен дәлдікке деген құмарлықтан басталды. Мен инженер-акустик болуға ұмтылып, өндірістік ғылымдарды оқыдым. Алайда өз орнымды гастрономиядан таптым. Аспаздық өнерді өз бетімше үйреніп, 1996 жылы жұбайым Вивианмен бірге алғашқы мейрамханамызды аштық.

Менің мансабымдағы маңызды кезеңдер деп Zilte мейрамханасын Бельгияның Антверпен қаласындағы «Өзендегі музейге» (MAS) көшіру мен Michelin-нің үшінші жұлдызын алуды айтар едім. Соңғысын жылдар бойғы қажырлы еңбек, тәжірибе және дамуға деген ұмтылыстың нәтижесі деп бағаласа болады.

Tatler Asia
Tatler Asia

Инновациялық тағамдарды дайындауға шабыт қайдан келеді?

Маған саяхаттар, жаңа өнімдер және күтпеген сезімдер шабыт береді. Zilte мейрамханасында біз әрдайым өзімізге: «Біздің қонақтарымыз не сезінеді?» деп сұрақ қоямыз. Бұл тәсіл бізге тағам арқылы оқиғаларды баяндап, естеліктерді еске түсіріп, эмоциялардың оянуына мүмкіндік береді.

Tatler Asia
Tatler Asia

«Michelin» жұлдыздарына қол жеткізу жолында қандай қиындықтар болды?

Бұл жұлдыздар – марапат қана емес, үлкен сынақ та. Біз үздіксіз даму және өз бірегейлігімізді сақтау үшін үлкен қысымға тап болдық. Үшінші жұлдызға жеткенге дейін біз ас үй жұмысын ғана емес, қызмет көрсету, тағамдарды ұсыну және залдың атмосферасын құру шеберлігін де жетілдірдік. Бұл – ортақ мақсатқа қызмет еткен команданың еңбегі.

Tatler Asia
Tatler Asia

Стандарттарды сақтау мен шығармашылық арасындағы тепе-теңдікті қалай сақтайсыз?

Шығармашылық қабілет сенім мен ынтымақтастық жағдайында гүлденеді. Біз әрдайым жаңа идеяларға ашықпыз және зерттеуден жалықпаймыз. Әр қызметкердің жүрегінде гастрономияға деген құштарлық бар, бұл бізге отбасылық атмосфера мен ұмытылмас әсер сыйлауға көмектеседі. Сондай-ақ күш-қуатымды қалпына келтіру үшін жиірек саяхаттап, жақындарыммен көбірек араласып, өнерден шабыт алуға ерекше көңіл бөлемін.

Tatler Asia

Астанадағы мәзірді жасаған кезде қандай жайттар басты назарда болды?

Қазақстанда дәстүрлер мен заманауи көзқарастардың бірегей үйлесімін байқаймыз. Астанадағы кешкі астарда біз Zilte философиясы мен Қазақстанның бай мәдени мұрасын біріктірдік. Мәзіріміз өткенге деген құрметті де, болашаққа деген ұмтылысты да қамтыған. Ол инновациялық қана емес, эмоциялық жаңалықтарға, сонымен қатар бельгиялық және қазақ аспаздығының үйлесімін көрсетеді.

Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia

Сіздің жұмысыңыздың философиясы қандай?

Біздің жұмыс жай тағам жасаумен шектелмейді. Себебі біз эмоция жеткізу, оқиғаларды баяндау және шабыт беруді мақсат етеміз. Қонақтарымыз тағамдардың құрылымынан, дәмінен және көрінісінен біздің еңбегімізді сезінсе дейміз. Әрбір бөлшек Zilte шеберлігін және қазақы дәстүрлермен жұмыс істеуден алған шынайы ризашылығымызды бейнелейді.

Темы