IMAGE AUYL, «Огонек», SPIROS және JINAU мейрамханаларының бренд-аспазы Руслан Закиров | Фотосуретші: Аружан Жанова

Tatler Kazakhstan-ның YouTube арнасындағы жаңа видеода бас аспаз Руслан бауырсақ пісіру әдісін бөлісті.

Наурызды не үшін жақсы көреміз? Жылдың алғашқы жылы күндері, мерекелік демалыс, ерекше көңіл күй, қазақтың дәстүрлі киімдері, жүрекке жылы домбыра үні мен күмбірлеген күйлер, думанды би, мол дастархан және дәмді тағамдар, әсіресе ыстық бауырсақ дәмімен астасады. Қарапайым әрі сенімді бауырсақ пісіру әдісін біз AUYL, «Огонек», SPIROS және JINAU мейрамханаларының бас аспазы Руслан Закировтан алдық. Ол бізге дәмді бауырсақ пісірудің сырын ашып, командамызды қонақ етіп, әбден тойдырды. Ал біз оның бәрін видеоға түсіріп алдық.

Бауырсақ пісіру әдісімен толық танысу үшін Tatler Kazakhstan-ның ресми YouTube арнасында жарияланған видеоны көріңіз. Жаңалықтардан қапы қалмаңыз, арнамызға жазылып қойыңыз. Алда қызық кейіпкерлерге, ерекше концепцияларға, сондай-ақ сән, мәдениет және гастрономия әлемінен алынған оқиғаларға толы видеолар күтіп тұр.

Руслан Закировтың бауырсақ пісіру әдісі

Tatler Asia

Құрамы:

  • ұн – 1 кг
  • тұз – 23 г
  • қант – 75 г
  • құрғақ ашытқы – 10 г
  • қаймақ – 60 г
  • өсімдік майы – 35 г
  • жылы су – 550 мл

Пісіру әдісі:

Ашытқыны жылы суға салып, ерітіңіз. Құрғақ ингредиенттердің бәрін бөлек ыдысқа салу керек. Өсімдік майын, қаймақты және еріген ашытқыны араластырыңыз. Қамырды бес минут бойы қолмен жақсылап илеңіз де, үстін пленкамен жауып, бір сағатқа дейін немесе көлемі екі есе ұлғайғанша күтіңіз.

Көтерілген қамырды қалыңдығы шамамен екі сантиметр болатындай етіп жайыңыз да, бауырсақтарды кесіп қойыңыз. Кесілген қамырды тағы да пленкамен жауып, 30 минут күтіңіз.

Майды 180–190°C температураға дейін қыздырыңыз. Бауырсақтарды алтын түстес реңкке боялғанша қуырыңыз. Балқаймақпен бірге ұсынған абзал.

Темы