IMAGE Вивиноның Хайни Захариассен шарап өнеркәсібін үлкен деректермен демократияландыру туралы | Фото: Vivino

Даниялық кәсіпкер әрі Vivino негізін қалаушы Хейни Захариассеннің шарап әлемін қалай өзгерткені туралы оқыңыз.

Бір кездері супермаркеттен шарап сатып алу нағыз стресс тудыратын жағдай еді. Қарапайым шарап сүйер қауым үшін түрлі-түсті жапсырмалар мен жұмбақ жазуларға толы бөтелкелердің алдында тұрып, дұрыс шешім қабылдау — қиынның қиыны болатын.

Әлемдегі ең ірі онлайн шарап дүкені және қолданбасы — Vivino негізін қалаушы Хейни Захариассен шарапты талғамай алудан шаршағанда, жағдай түбегейлі өзгерді. Дания жаңашылы шарап таңдау және одан ләззат алу тәжірибесін жаңа шын мәнінде жаңа жаққа бұрды.

Сингапурдағы Raffles City кешенінде орналасқан, алғашқы жаһандық флагмандық дүкенінің ашылуы аясында Tatler Dining басылымына берген сұхбатында, Хейни ерекше сәттерге арналған шарап бөтелкесін таңдауды оңай әрі байсалды тәжірибеге қалай айналдырғаны және офлайн ритейлге көшуге не түрткі болғаны туралы баяндайды.

Ерекше ойлауға тырыс

Vivino идеясы қалай пайда болғаны туралы сұраққа Захариассен былай деп жауап береді: «Шарапты құнына не жапсырмасына қарап алғаннан басқа, тиімді әдіс бар шығар деп ойладым». Әлемдік көлемі қазіргі таңда $330 миллиардтан асатын шарап индустриясы кертартпалығымен және күрделілігімен танымал. Алайда Захариассен нарыққа өзгеріс әкелуге болатынын сезген екен.

Vivino концепциясы қарапайым болғанымен, біршама ілгерішіл: кез келген шарап жапсырмасын сканерлеп не атауын енгізіп, оның дәмдік сипаттамасы, бағасы, қосымша арқылы сатып алу мүмкіндіктері және жаһандық шарап әуесқойлары қауымдастығының оған берген бағасы туралы ақпарат алуға болады. «Фильмдер, кітаптар, такси жүргізушілері — бәрінің өзіндік рейтингі бар, шарапқа да неге солай жасамасқа?» – деп ой бөліседі Хейни.

Tatler Asia
IMAGE Хайни Захариассен — әлемдегі ең ірі онлайн шарап дүкені және қолданбасы — Vivino компаниясының негізін қалаушы | Фото: Vivino

Vivino 2010 жылы құрылғанымен, Apple App Store-ға 2011 жылы бірақ шықты. Ол кезде шамамен 600 шарапқа қатысты қосымша бар еді. Vivino қалай көш бастады дейсіз бе? Захариассен Солтүстік Атлантикадағы Фарер аралдарында — шарап индустриясы жоқ, «көпшілік тіпті шараптың не екенін білмейтін» шарапқа арналған туып-өскен екен. Көзқарасы да батыл: «Аутсайдер бола тұра инсайдерлер байқамайтын нәрселерді көруге болады. Мұны өз пайдаңа жарат!».

Захариассен өзін шарап танушы санамайды. Ол — көптеген шарап жөніндегі қосымшалардың әзірлеушілері не тәжірибелі шарап өндірушісі, не энтузиаст екенін, сондай-ақ олардың қарапайым тұтынушылар аудиториясын елемегенін түсінген адам.

Захариассен бағдарламалық жасақтама саласындағы білімін пайдалана отырып, қарапайым тұтынушыны мазалайтын мәселелерді анықтап, оларды шешіп тастады. Қосымша тез арада танымалдыққа ие болып, 2013 жылдың шілдесінде А қаржыландыру раунды аясында 10,3 миллион доллар көлемінде инвестиция тартуға мүмкіндік берді. «Ерте келген инвестициялар біздің осы салада табысты бола алатынымызға деген сенімімізді растады», – дейді ол.

2016 жылдың қаңтарында Vivino B қаржыландыру раундында 25 миллион доллар тартып, қосымшаны шарап нарығындағы ең ірі ойыншыға айналдырды. «Ол кезде шынайы бәсекелестік болмағандықтан біз өсуді жалғастырдық», – деп бөліседі Захариассен. Тұрақты өсу 2018 жылдың ақпанында өткен С қаржыландыру раунды аясында тағы 20 миллион доллар тартуға мүмкіндік берді.

Tatler Asia
IMAGE COVID-19 пандемиясы Vivino үшін өсу факторы болды | Фото: Vivino

Қиындықтарға қарамастан

COVID-19 пандемиясы әлем бойынша көптеген бизнеске кері әсер еткенімен, Vivino үшін өсу факторы болды. «Адамдар үйде қамалып, шығып, шарап іше алмай қалды. Алайда қолдарына қосымша қаражат түскеннен соң шарапты үйге алдыра бастады», – деп түсіндіреді Захариассен. «Қарқынды түрде өсіп, қысқа мерзімде сауда көлемін екі-үш еселедік». Дегенмен тапсырыстарды орындау барысындағы сыртқы серіктестерге деген тәуелділік жаңа қиындық тудырды, оның ішінде санитарлық шектеулер салдарынан жұмысшылар санының азаюы.

Сонымен қатар өсу Захариассенге тұтынушылардың өзгеріске ұшыраған қалаулары туралы құнды мәлімет алуға мүмкіндік берді. «Жастар жаңа нәрселерден тартынбайды», – дейді ол. Бұрынғы ұрпақ үйреншікті брендтерге адал болса, қазіргі тұтынушылар, тіпті тәжірибесі аз жандар эксперимент жасаудан қорықпай, Vivino-да жақсы рейтингке ие шараптарды алып жатады. Бұл үрдіс қауымдастық ішіндегі шолулардың дәстүрлі маркетингтен гөрі маңыздырақ болып келе жатқанын көрсетеді. Захариассен бұл эволюцияны қуана-қуана бақылап отыр.

Tatler Asia
IMAGE Сингапурдағы Raffles City кешенінде орналасқан, алғашқы жаһандық флагмандық Vivino дүкені | Фото: Vivino

Шаблондардан тыс шығу

2021 жылы Vivino D раундында 155 миллион доллар тартты. «Пандемиядан кейін сатылым тұрақталып, біз жаңа табыс көздерін іздей бастадық», – дейді Захариассен. Солардың бірі — Vivino-ны офлайнға шығару. «Біз клиенттер шараппен өзара әрекеттесіп, жеке ұсыныс ала алатын кеңістік жасағымыз келді», – деп түсіндіреді ол.

Неліктен Сингапур дейсіз бе? «Бұл — халқы талғампаз, космополит қала әрі Оңтүстік-Шығыс Азияға қарай кеңеюді бастауға болатын нүкте». Жаңа дүкен келушілерге бірегей тәжірибе — шарапты Vivino рейтингіне және 70 миллион қолданушыдан тұратын қауымдастықтың ұсыныстарына қарай таңдау мүмкіндігін ұсынбақ. Сонымен қатар қонақтар шарап бөтелкесін сатып алмас бұрын басқа да шарап түрлерінің дәмін татып көре алады.

Адамдарға үздік шарап түрлерін таңдап, олардың дәмін татуға көмектесуге деген ұмтылысын растай отырып, Захариассен былай дейді: «Шарап индустриясы жас буынның өзгеше ойлайтынын түсінуі керек. Жас аудиторияға бейімделе алмаған өндірушілер мен дистрибьюторлар артта қалады».

Шешім қабылдау қиынға соғатын, сондай-ақ жан-жақтан дәстүр қоршаған әлемде Захариассеннің мысалы шынайы өзгеріс әкелу үшін жаңаша көзқарас (және жоғары рейтингке ие шарап бөтелкесі) қажет екенін айқындайды.

Tatler Asia
IMAGE Raffles City кешеніндегі Vivino рестораны жаңашылдыққа деген ұмтылысты ынталандырады | Фото: Vivino

Доусен Танның осы мақаласы алғаш рет 2024 жылдың 2 қазанында ағылшын тілінде жарияланған, Tatler KZ үшін қазақ тіліне 2024 жылдың 4 желтоқсанында аударып, жаңартқан – Салықбаев Әмір.

Темы