Өзгеріске бейім шарап әлемінде органикалық, биодинамикалық, табиғи деген атаулар қандай мағынаға ие екенін зерттедік
Бір кездері шарап таңдаудағы ең қиын таңдау қызыл, ақ немесе газдалған шарап арасында болатын. Шешім қабылдауда тағамның құрамы, оның экологиялық таза болуы және адамның жеке диеталық қажеттіліктерін ескерген жөн. Соған сай жүзімдік, жүзім сорты, ферменттеу процесі, ең бастысы, бөтелкеде тығынның болуы және сізде тығын ашқыштың болуы – осы факторлардың маңызы артты.
Eco-drinking – ішімдікті саналы түрде тұтынудың жалпылама атауы. Ол ресурстарды ысырапсыз пайдалана отырып, ауқаттану дискурсының негізгі бастамасына айналды.
Таңдау жасарда шарап жасау процесін ескеру өте маңызды. Бүгінде шарап дүкендері мен бар сөрелерінен тізіліп тұрған үйреншікті Shirazes бен Cabernets бөтелкелерін емес, жүзімнің қабығымен бірге ферменттелген, тұнбасы бар не көпіршікке толы Pét-nats апельсин шарабын көресіз. Әдетте органикалық, биодинамикалық және табиғи деген белгілері болады.
Біз бұл категорияларды ажыратуды жеңілдететін түсінікті нұсқаулық дайындап шығардық. Экологиялық тұрақтылықты ескере отырып дайындалған шараптар, талғамыңызды кеңейтуге себеп болар және кем дегенде келесі шарап таңдауыңызды жеңілдететін кеңестер. Біздің нұсқаулық осы жайттардың бәрін ескере отырып дайындалған.
Органикалық шарап
Органикалық деп танылуы шарапты өндіретін жүзімді егу мен өсіру әдістеріне тікелей байланысты. Органикалық шарапты өндірушілер зиянкестермен экологиялық тепе-теңдікті сақтайтын биологиялық әдістер арқылы күреседі әрі тыңайтқыш ретінде компост қолданады. Сондай-ақ, олар зиянды қоспалары бар пестицидтер мен жасанды тыңайтқыштарды қолдануға түбегейлі қарсы.
Органикалық шарап өндірісі күкіртті және күкірт диоксиді негізіндегі консерванттардан ада. Алайда, органикалық деп классификацияланған кейбір шараптар консерванттарсыз өндірілсе, кейбірі аймақтық ережерлерге сәйкес консерванттарды қолдана отырып органикалық жолмен өсірілген жүзімдерден дайындалуы мүмкін.
Barale Fratelli Barolo Cannubi DOCG 2015
Италиян Неббиолосы уақыт өте келе түсі қоңырлау реңге ауысатын терең лағыл (ruby) түсті, сондай-ақ түтін, құрғақ раушан және шие татитын күрделі дәмді келеді. Бұл құрғақ шараптың қышқылдығы жоғары және таниндері айқын, бұл оны ұзақ уақыт сақтауға өте қолайлы етеді.
Шардоне топырақ иісті, күтпеген үйлесімдермен ерекшеленеді. Бұл ақ шарап сары жемістердің жеңіл ароматы мен жағымды, жаңа піскен үлпілдек нан және табиғи минералдың сергек дәмі сипаттас бірте-бірте сезілетін нәзіктік үлгісі.