Зиянды әдеттерден бас тартып, саналы шешім қабылдау. NoLo — алкоголь әлеміндегі жаңа тренд
Қазіргі таңда адамдар арасында денсаулыққа көбірек көңіл бөліп, зиянды әдеттерден бас тарту үрдісі қалыптасуда. Дегенмен алкоголь көптеген мәдениеттердің ажырамас бөлігі болып қала беретіні сөзсіз. Осыған байланысты әлемде алкогольсіз ішімдіктер немесе NoLo тренді пайда болды.
NoLo — дәстүрлі ішімдіктің этил спирті қосылмаған баламасы. Ең қызығы бұларда алкоголі бар аналогтардың дәмдік қасиеттері, хош иісі және тұтыну кезінде сезілетін «күйдіру» әсері сақталған. NoLo сусындары мынадай өндіріс әдістерін қолдана отырып жасалады:
- дистилденген су мен шөптерді буландыру — бұл әдіс көбінесе дистиллят өндіруде қолданылады;
- дайын өнімнің спиртін буландыру — алкогольсіз шарап, виски және джин өндірісінде пайдаланылады.
NoLo нарығының ізашарларының бірі деп Seedlip компаниясын атауға болады — оның 1651 жылғы рецепт бойынша жасалған алкогольсіз дистилляты нағыз революция жасаған болатын. Бүгінде компания коктейльге негіз ретінде қолдануға болатын үш түрлі өнім ұсынады. Бұл инновациялық тәсіл сусындар тарихының жаңа тарауын ашып, тұтынушыларға алкогольдің дәмі мен оны ішу рәсімінен теріс әсерін сезбей-ақ ләззат алу мүмкіндігін сыйлады.

Жаңа бағыт
Тұтынушылардың алкогольден бас тартуы сауда айналымының төмендеуіне, сондай-ақ клиенттердің азаюына әкелетіні сөзсіз. Сондықтан да ірі алкоголь өндіруші компаниялар жаңа стратегия қабылдап, алкогольсіз өнім өндіруге қарай бет бұра бастады. Мәселен, 2019 жылы Seedlip Diageo корпорациясының құрамына өтті.
NoLo өнімдерін шығару жарысынан алкоголь өндіру және оны тарату саласындағы ірі компаниялардың бірі Pernod Ricard та қалысар емес. Компания орнықты даму шеңберіндегі құндылықтарын қайта қарастырып, қазір алкогольді жауапкершілікпен тұтынуды насихаттауда.
Қазіргі таңда жаһандық нарықта алкогольсіз шарап, виски, ром, ликер және текила секілді өнімдер кеңінен ұсынылған. Business Spirits мәліметі бойынша, 2023 жылы әлемдік алкоголь сатылымы 1%-ға төмендесе, алкогольсіз ішімдік сатылымы керісінші 15%-ға өсіпті.