IMAGE Instagram @drinksprinter

Отбасылық құндылықтар мен әлеуметтік жауапкершілік: Бейонсенің және басқа да жұлдыздардың мағыналы алкоголь брендтері

2024 жылы танымал тұлғаларды тартуды жалғастырған алкоголь индустриясы бұл жолы бренд құруға деген терең әрі саналы көзқарасымен ерекшеленді. Жұлдыздар аты-жөні жазылған сусын сатумен шектелмей, ерекше тарихы әрі мағыналы хабарламасы бар өнім ұсынуға ұмтылатын болды. Күтпеген коллаборациялар, жеке тәжірибеге негізделген жобалар — әрбір бренд жасаушысының болмысы мен құндылықтарын айқындайды.

Отбасылық мұра, ішімдікке тәуелділіктен арылу жолдары, экологиялық жауапкершілік — дәл осы тақырыптар танымал тұлғалардың жаңа алкогольді және алкогольсіз сусындарынан көрініс тауып жатыр. Мұндай көзқарас заманауи бизнес тек өндіріс пен саудаға ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік жауапкершілікке, тарихқа және өзінің мәдени ықпалына да назар аударатынын көрсетеді. Осы орайда 2024 жылы алкоголь брендін ашқан танымал тұлғалар мен олардың брендтерінің қандай идеяға негізделгенін қарастырып көрейік.

SirDavis Whisky. Бейонсенің отбасылық тарихы бар вискиі

«Маған алғаш рет өнеге көрсеткен атам Руперт болды», – дейді Бейонсе SirDavis Whisky вискиі жөніндегі сұхбаттарының бірінде.

Бренд әншінің фермер әрі самогоншы болған арғы атасы Дэвис Хогтың атымен аталады. «Арғы атам самогоншы болғанын естігенде вискиге деген махаббатым осыдан болар деп ойладым. SirDavis — атама құрмет көрсетіп, жаңа мұра қалдыру жолы», – дейді Бейонсе. Виски емен және херес бөшкелерінде сақталып, 51% қарабидайдан және 49% арпа уытынан тұрады. Бұл құрылым оны жапон және шотланд вискилеріне ұқсатып, америкалық қарабидайдың дәмімен толықтырады.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @sirdavis

Sprinter. Кайли Дженнердің арақ қосылған сода суы

Sprinter бренді Кайли Дженнердің бастамасымен, осы заманғы өмір салтына сай өнім жасауға деген ұмтылыс нәтижесінде пайда болды. Модельдің айтуынша, ол сапалы әрі  ойын-сауық кешіне не пикникке оңай алып бара салуға болатын нәрсе жасағысы келген. Sprinter сусынының төрт түрлі дәмі бар: грейпфрут, лайм, шабдалы және қара шие. Әр банкада бар болғаны 100 калория бар, қант қосылмаған. «Бұл — менің ішіп көрген ең дәмді арақ қосылған сода суы, менде тәжірибе жетеді», – дейді Кайли.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @drinksprinter

BERO. Том Холландтың алкогольсіз сырасы

Том Холландтың жеке тәжірибесі мен өмір салты BERO алкогольсіз сырасын жасауға шабыт берді. Сұхбаттарының бірінде салауатты өмір салтына көшу оған сыраның дәмін татуға мүмкіндік беретін, алкогольсіз балама жасап шығаруға түрткі болғанын айтқан болатын. BERO — бұл жай ғана алкогольсіз сыра емес, бұл — саналы түрде шешім қабылдау, сондай-ақ салауатты өмір салтына көшу символы. Холланд алкогольдің дәмінен теріс әсерінсіз ләззат алуға ұмтылатын жандардың қажеттілігін ескеріп, оларға сапалы балама ұсынудың маңызына ерекше тоқталады.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @berobrewing

Viarae. Просекко, Исса Рэй

Исса Рэй Viarae просеккосының көмегімен шарап жасау саласына деген көзқарасты өзгертуге ұмтылады. Viarae бренді нәсілдік әртүрлілік мәселесіне баса назар аудармайтын индустрияда инклюзивтілік белгісіне айналғанын қалайды. Бренд афроамерикалық мәдениетті шарап жасау саласы аясында қолдауға, сондай-ақ әртүрлілікке толы шарап сүюшілер қауымдастығын құруға ұмытылады.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @viaraewines

Papa Salt. Марго Роббидің австралиялық джині

Papa Salt джині – Марго Робби мен достарының Австралиядан және жағажайдағы кездейсоқ кездесулерден шабыт ала отырып жасаған жобасы. Жасалуы бес жылға созылған джиннің атауы Шри-Ланка жағажайындағы барда кездескен адаммен байланысты екен. Papa Salt Австралияның жергілікті шөптерінен тұратын құрамымен ерекшеленеді, сондай-ақ сатылымынан түсетін пайданың бір бөлігі Үлкен тосқауыл рифін сақтау жұмыстарына бағытталады.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @papasaltgin

Still G.I.N. Снуп Догг пен Dr. Dre

Still G.I.N. — Снуп Догг пен Dr. Dre-нің хип-хоп мәдениетін крафт джині әлеміне әкелген туындысы. Әртістер достығы мен шығармашылық мұрасын айқындайтын сусын жасағысы келген болатын. Still G.I.N. — тек ерекше дәмімен ғана ерекшеленетін джин емес, бұл — жас музыканттарды қолдайтын бренд. Снуп Догг пен Dr. Dre-нің джині мысалында өнім жасап, қоғамдастықтарға қолдау көрсету барысында танымалдықты қалай дұрыс қолдануға болатындығын көруге болады.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @dreandsnoop