Hennessy Paradis x Loewe коллаборациясы. Джонатан Андерсонның Loewe брендіндегі соңғы жұмысы жайлы оқи отырыңыз.
Hennessy эксклюзивті Paradis коньягінің шектеулі топтамасын Loewe-мен бірлесе ұсынды. Джонатан Андерсон жүзден астам элиталық коньяк спиртінен дайындалған таңдаулы сусын құйылған декантерге былғары қаптама әзірледі. Loewe сән үйінің Испаниядағы шеберханасында майталман мамандардың қолынан шыққан бірегей былғары қаптама 850 күрделі түйіннен тұрады. Оның дизайны Hennessy Paradis-дің емен бөшкелерде сақталуын қорғау үшін дәстүрлі іс-шараларда қолданылған тікенекті талшын қауашағынан шабыт алған. Әрбір қаптаманы жасауға 33 сағатқа дейін уақыт жұмсалды. Hennessy Paradis x Loewe жиынтығына екі бокал мен былғары қапталған саптамасы бар пипетка кіреді. Сондай-ақ бұл серіктестік аясында Hennessy Paradis алғаш рет үш литрлік жеробоам форматында ұсынылады.


Айта кетейік, бірер күн бұрын Джонатан Андерсон Loewe-нің креативті директоры қызметінен кететінін жариялаған еді. Сондықтан осы коллаборация оның бренд үшін жасаған соңғы жұмысы болып тарихта қалды.