IMAGE Фото: Tristan Gassert | unsplash.com

100-ден астам шампан түрінің дәмін татып жинаған тәжірибеге негізделген, шампанды таңдау, ұсыну және сақтау бойынша пайдалы кеңестер

Бір апта ішінде 100-ден астам шампан түрін ашып, құйып, дәмін татып көрдім. Әрине, «қалыпты» өмір салтын ұстанғысы келетіндерге мұндайға баруға кеңес бермеймін. Дегенмен осы тәжірибе барысында қиындықпен келген инсайттармен бөлісуге дайынмын.

Осыншама шампан бөтелкелерінің зая кеткеніне ішіңіз ашып жатса, уайымдамаңыз. Барлық дерлік бөтелке дегустациядан кейін өз иесін тапты. Ол үшін достарыма алғыс айтамын.

Шампанды дұрыс таңдау, ұсыну және одан ләззат алу бойынша берген кеңестерім жаңа жылдық мереке кезеңінде сізге шампан бөтелкесін әсерлі түрде «атуға» көмектеседі деп үміттенемін.

Таңдау

Винтаж маңызы тіпті NV үшін де артып келеді

NV (non-vintage, яғни «винтаж емес» – Tatler) «no variation» дегенді білдіретін уақыт артта қалды. Қазір түрлі стильдегі NV-edition шампандары, мысалы, Jacquesson, Krug және Louis Roederer нұсқалары, шампан үйлерінде көптеп кездесетін болды. Сапасы өзгеріссіз қалғанымен, дәмдік профилі басқаша. Сонымен қатар Françoise Bedel сияқты резервтік шараптары жоқ өндірушілер өз өнімдерін, шын мәнінде олай болмаса да, single-vintage cuvée деп атайды.

Қаптаманың маңызы бар

Алайда оның маңызы тұтынушылар мен өндірушілер ойлағандай зор емес. Пастель реңкті қақпақтар (Charles Dufour), мюзлеге тағылған әшекейлер (Veuve) немесе фольга ішіндегі жасырын хабарламалар (Vilmart, Roederer) тұтынушыны тартатыны сөзсіз. Алайда 100 бөтелкені дегустациялағаннан кейін мына нәселерге көбірек мән бере бастады:

(a) оңай ашылатын және өткір қыр қалдырмайты, қалыңдығы дұрыс фольга (ең үздік мысалдар тиесілі брендтер — Charles Heidsieck, Mumm және Thiénot);

(b) бөтелкенің пішіні: оны көлденең және тік күйде сақтау, құю ыңғайлы болуы керек. Қысқа әрі жуан, кегльге ұқсайтын, мысалы, көптеген беделді cuvée арасында кездесетін бөтелкелер, стандартты сөрелерге сыймайды және шарап тоңазытқышында тым көп орын алады.

Henri Giraud MV бөтелкесінің пішіні ғажап, ұсынуға өте ыңғайлы. Алғашында тығынының қапсырмасына аса қызыға қоймағаныммен, бөтелкемен бірге өнер туындысы деуге болатын, ғажап деграфер (dégrafeur) келетінін айта кеткен жөн.

Қораптарға келсек, әрине, лакталған  Armand de Brignac қорабы кез келген жараса кететіні сөзсіз, бірақ шала өңделген бор сияқты Ruinart қағаз қаптамасы маған көбірек ұнады.

Tatler Asia
IMAGE Henri Giraud's dégrafeur | Фото: Handout

Қаптаманың артындағы этикеткалар көбірек ақпарат бере бастады

Қазір дерлік барлық артқы этикеткаларда ID нөмірі немесе QR-код арқылы дегоржаж (тұнбадан тазарту) уақыты көрсетіледі. Егер сіз нағыз шампан білгірлері сияқты жетілген стильді ұнататын болсаңыз, дегоржаждан бірнеше жыл бұрын өткен шараптарды таңдауға тырысыңыз.

Жасы үлкен шарап әрдайым жақсы бола бермейді

Мұны маған жуырда дәмін татқан 1970 жылғы алтын түстес, бірақ дәмсіз сұйықтық еске салды. Бұл нұсқаулықта көрсетілген шараптар салыстырмалы түрде жас, жасы дегоржаждан өткеннен кейін бірақ ұлғайтылған нұсқалар. Мысалы, Dom Pérignon P2 2004 сияқты шараптардың эволюциясы айқын, алайда жаңа піскен жеміс ноталарын іздесеңіз, жасы 10 жылдан асқан шараптардан ондай дәм таба алмассыз. Бұл санатқа жатпайтын, ерекше шараптар: Henriot Hemera, Mumm Lalou 2008 және Charles Heidsieck Blanc des Millénaires 2007.

Tatler Asia
IMAGE Фото: Rick Barrett | unsplash.com

Ұсыну

Суық шампан — жаман шампан болса, жылысы одан да нашар

Шампан бөтелкесін тоңазытқыштан (10ºC) алып шығып, бокалдарға құйғаннан соң, кем дегенде бес минут күтіңіз. Мұнсыз шампан тым суық болып, жақсы қасиеттерін көрсете алмай қалады.

Шампанға арнайы құрал қажет емес

Менде қазір мінсіз құралдар жинағы бар: мені жарақаттан сақтайтын, қалың мақта майлықтар сондай-ақ артық аққан көбікті сүртіп алуға мүмкіндік береді. Мұндай майлық жоқ болса, үй жағдайында ыдыс жуатын резеңке қолғаптар да жарайды. Ал ұзақ уақыт бұрын дегржаждалған бөтелкенің тығыны шықпай қалса, қарапайым жаңғақ шаққышты қолдануға болады.

Көпшілік шампандардың дәмі бокалдың бұрыс пішініне қарай бірдей болады деп ойлайды

Менде бар үлгілердің дәмін рислинг бокалына құйып, татып көрдім, бірақ кез келген ақ шарапқа арналған бокал жарамды. Мұны дәлелдеу үшін Krug, La Grande Dame және Rare үлгілерін классикалық, биік флюте бокалында құйып, салыстырып көрдім. Бәрінің дәмі бірдей болды, дұрыс емес жайт, әрине.

Ләззат алу

Қышқылдық пен ащы дәм шампан дәмін теңестіргенімен, әр түрлі әсер береді

Шампань аймағында температураның көтерілуіне байланысты өндірушілер дәм балансын сақтау үшін көбінесе жүзім қабығынан алынатын ащы компоненттерді белсенді түрде қолдана бастады. Қышқылдық пен ащы дәм — қант пен алкоголь сияқты «жұмсақ» компоненттерге қарсы тұраnsy «қатты» элементтер. Қышқылдық шараптың дәмін балғын әрі жарқын қылса, ащы дәм оны тереңдетіп, қоюландыра түседі. Мұның бәрі шараптың тағаммен үйлесуіне қатты әсер етеді. Мысалы, қышқылдыққа бай шампанды тағамға дейін не ас мәзірінің басында ішкен дұрыс, теңіз өнімдерімен жақсы үйлеседі. Ал ащы шарап стейкпен қызыл шарап сияқты үйлеседі (одан да жақсы үйлеспесе).

Адамдар өздеріне не ұнайтынын түсіндіре алмаса да, оны сезеді

Шампаннан айқын жеміс дәмі шықпайды, оның хош иісін сөзбен жеткізу қиын — мысалы, «сәл қуырылған» дәмді қалай сипаттауға болады? Әр түрлі шампан сорттарын байқап көріңіз. Тәжірибем бойынша, шампанды ұнатпаймын дейтіндер де өз талғамына сай стиль таба алады.

Tatler Asia
IMAGE Фото: Filipp Romanovski | unsplash.com

Шампанды сақтау

Шампанды ашқаннан кейін дұрыс сақтаса, ертеңгі күні дәмі тіпті жақсара түсуі де мүмкін

Бұл оның құрамында табиғи консервант — көмірқышқыл газы (CO₂) болуына байланысты. «Дұрыс» сақтау әдісі — бөтелкені силикон ендірмесі бар, жақсы тығынмен не пластик қыстырмамен жабу. Кейін бөтелкені шарап тоңазытқышында, шамамен 10ºC температурада, тік қалыпта сақтаңыз, болмаса, жай тоңазытқышқа қойыңыз. Taittinger, Delamotte, P-J Belle Époque, Margaine немесе Agrapart сияқты редуктивті (оксидативті үлгілерге қарама-қарсы) стильдегі шампандар әдетте ертеңінде көркейе түседі.

Сара Хеллердің осы мақаласы осы алғаш рет 2023 жылдың 5 желтоқсанында ағылшын тілінде жарияланған, Tatler KZ үшін қазақ тіліне 2024 жылдың 4 желтоқсанында аударып, жаңартқан – Әмір Салықбаев.

Темы