Instagram @yugenkombucha
IMAGE Instagram @yugenkombucha
Instagram @yugenkombucha

Пайдалы пробиотиктер мен ферменттерге бай сусындар ежелден түрлі мәдениеттерде денсаулыққа пайдасы бар деп есептеледі

Мысалы, қазақ дәстүрінде ферменттелген сусындар көбіне сүттен дайындалған: бие сүтінен қымыз, түйеден сауылған тұщы, ащы, тәтті шұбат, сиыр мен түйенің сүтінен ашытылған қымыран, зат алмасу жүйесін жылдамдататын айран; бабы келген қатық, айранға су қосып ішетін шөлбасар шалап. Дегенмен, дәнді дақылдардан жасалатын ашыған көже мен боза сияқты сусындар да кездеседі.  

Ал заманауи ферменттеу технологиялары сусындар дайындау әдістерін түрлендіріп, нағыз төңкеріс жасап жатыр. Мысалы, precision ферменттеу әдісі микроорганизмдерді пайдалана отырып, сусындар дәмін күрделендіреді және ферментация жылдамдығы мен сапасын жақсарту үшін ыңғайлы ортаны қалыптастырады. 

Белгілі мәдениетке тән қайталанбас сипаты мен өзіндік тарихы бар сусындар потенциалы ерекше жоғары. Әйгілі аспаздар мен бармендер haute cuisine мен ферментацияның әдемі үндестігін іздеу үстінде. Көшпенділер сусындары немесе Африка елдерінің ферменттелген баобаб элексирлері мамандар назары мен жаһандық танымалдыққа лайықты деп сенеміз. 

Ежелгі өнердің жаңаруы: Комбуча, Мид және лактозасыз Кефир

Қытай мәдениетінен бастама алатын «мәңгі өмір шайы» – комбучаның танымалдығы жыл сайын артып келеді. Бүгінде салтанатты Yugen және Equinox брендтері комбучаны шафран, бозқараған гүлдері мен райхан секілді сирек ботаникалық қоспалармен біріктіріп, дәстүрлі шөп медицинасының үйлесімдерін еске салатын күрделі дәмдерді өндіру үстінде. Сомельелер комбучаның жеңіл қышқылдық, тәттілік және шөптердің нәзік хош иісі үшін жоғары бағалайды. 

Tatler Asia
Yugen
IMAGE Yugen
Tatler Asia
Equinox
IMAGE Equinox
Yugen
Equinox

Бал дәміне негізделген сусындар арасында «мид» (mead) деп аталатын балды ішімдік бәрінен ілгері тұр. Бұл сусынды викингтер ерекше құрмет тұтқан, ертеректе құдайлар ғана ішуге лайық сусын деп те танылған. Әлемде мид (mead) өндіруші мекемелер сирек, солардың бірі – калифорниялық Heidrun Meadery. Бір-бірімен үндес дәмдер жиынтығын қамтамасыз ететін сирек гүлдер сорттарын пайдалана отырып, қайта жаңғыртуды қолға алған. Нәтижесінде жеңіл әрі гүлді дәмнен бастап, айқын сипатты топырақ иісті табиғи дәмдерге қол жеткізген. 

Осы бір жаһандық өзгерістерге иммунитетті нығайтуға бағытталған жаңа су кефирін (kefir) ұсыну арқылы Индонезия да өз үлесін қосты. Су кефирінің сүт өнімдерінен айырмашылығы сол, су мен жемістерді ферменттеу арқылы дайындалады. Нәтижесінде лактозасыз пробиотикалық сусын пайда болады. Бұл сусын веган тұтынушылар арасында танымал. Себебі ферментация барысында қолданылатын жемістерден алынған антиоксиданттар мен витаминдерге бай келеді. 

Tatler Asia
Heidrun Meadery
IMAGE Heidrun Meadery
Heidrun Meadery

Сомелье таңдауы: Арнайы сыралар мен саке әлемін зерттеу

Көбік сусын саласында Бельгияның ламбик және гёз сыралары – эксклюзивті ферменттелген сусындардың бірі. Әдеттегі сыралардан айырмашылығы сол, жабайы ашытқы түрлерін пайдаланғандықтан, ерекше қышқылдық пен күрделілік береді. Cantillon сыра зауыты бірнеше жыл сусынның дәмі мен сапасын жылдар бойы жетілдіреді, нәтижесінде бағалы шарап дәмдес сыралар өндіріледі. Сомельелер мен сыра әуесқойлары өндірушілердің мұндай әдісті қолдануын дәстүр мен қолөнер мұрасын жалғастыру деп жоғары бағалайды. 

Ферменттелген сусындар иконасы саналатын кербездік пен дәстүрлі ғұрыпты ұштастыра алатын жапондық сакеге татитын сусындар кемде-кем. Саке күріштен, яғни кодзи зеңінен және таза судан жасалады. Бұл жапондардың кемелдікке ұмтылысын көрсетеді. Dassai және Kokuryu секілді жоғары деңгейлі брендтер күріш дәнінің ішкі бөлігі ғана пайдаланылатын даигинжо (daiginjo) деңгейіндегі жұмсақ және нәзік гүл дәмі тектес саке дайындайды.  Сомелье-сарапшылар сакенің умами дәмін, оның нәзік теңіз өнімдері мен «артизандық» ірімшіктер секілді әртүрлі тағамдармен оңай үйлесім табатын қасиетін жиі атап өтеді. 

Tatler Asia
Dassai 45
IMAGE Dassai 45
Tatler Asia
Kokuryu
IMAGE Kokuryu
Dassai 45
Kokuryu

Ферменттелген сән: Айтары бар коктейльдер

Кейінгі жылдары Азия бармендері арасында дәстүр мен жаңашылдық үйлесім тапқан ферменттелген коктейльдер танымалдыққа ие. Мысалы, өз саласының көшбасшысы сингапурлық Operation Dagger ферментацияны үйде жасалған мид (mead), ферменттелген қырыққабат секілді өнімдермен үндестірген. Бұл коктейльдердің визуалды әсері эстеттер талғамына сай әрі дәмі жағынан да күрделі. Осындай коктейльдердің бірі мидпен (mead) аралас жасалған, балдың көрінер-көрінбес реңктері байқалады, шөптермен безендірілген минималистік шыны ыдыста ұсынылады. 

Бармендер таңқурай секілді ферменттелген жемістерді қолдана отырып, тұзды әрі тәтті дәмдер үйлесіміне қол жеткізе алған. Мұндай қарама-қайшылық коктейльдерге керемет әсерлі дәм сыйлайды. Мысалы, «Килиманджаро қарлары» коктейлі – ферменттелген таңқурай маршмеллоу қосылған джин, цитрус және грюйермен үйлесім тапқан, үлпілдек көпіректермен көмкерілген, тұманды әрі кәріптас түстес сусын. 

Тамаша үйлесімдер: Ферменттелген сусындар дәмін толыққанды сезіну

Бұл сусындардың дәмін толыққанды сезіну үшін өзге тағамдармен әдемі үйлестіре білген азбал. Мысалы, комбуча жемісті десерттермен, ал пу-эр шайы қара шоколад трюфельдерімен немесе құрғақ гожи жидектерімен керемет үндестік табады. Саке – әртүрлі тағамдармен оңай үйлесім табатын сусын, дайындалу әдісіне байланысты суши немесе бағалы ірімшіктерді ұсынуға болады. 

Ферменттелген сусындар ежелгі дәстүрлерден бастау алып, заманауи талап-талғаммен қатар өркендеп, сусындар инновациясының болашағын қалыптастырып жатыр. Азия елдері көшбасшылық етіп келетін бұл сала қайталанбас дәмдер ізденісінде жүретін заманауи әуесқойларды таңқалдыра беретініне сенімдіміз. 

Темы