Шай ішу дәстүрі көптеген мәдениеттерде терең зерттеліп келеді

Шай мәдениеті әр аймақта әртүрлі ритуалдар, әлеуметтік байланыстарды нығайту және денсаулыққа тигізетін пайдасымен ерекшеленеді. Мысалы, Қытайда шай даосизм, конфуцийшілдік және буддизм пәлсапасымен тығыз байланысты: табиғатқа, тыныштыққа және ой жүгіртуге деген құрметті білдіреді. Шай ішу тәжірибесі ғасырлар бойы дамып, дене мен рухты тыныштандыратын құрал ретінде қарастырылып келеді.

Қазақ дәстүрінде «Шай дастарқаны»  жайлылық пен қонақжайлықтың белгісі ретінде бағаланады. Шайдың түр-түсіне байланысты «қызыл шәй», «күрең шәй», «қою шәй», «көк шәй», «сүт қатқан шәй», «қара шәй» деген түрлері бар. 

Төменде бағалы, табиғи өнімдер шығаратын брендтер ұсынатын қысқы шайлардың бірнеше түрі берілген: оларды түстен кейінгі демалыс, кешкі астан кейінгі десерт ретінде немесе ұйқыға дейінгі тыныштандыратын сусын ретінде пайдалануға болады.

Қазақстанның қысы құрғақ болуы себепті тері мен тамақтың кеуіп кету ықтималдығы жоғары. Назарыңызға тән мен жанға бірдей нәр беретін ең таңдаулы шай түрлері: 

White Peony Tea: Қытайдан шыққан дәмі жұмсақ антиоксиданттарға бай шай. Тері денсаулығын жақсартып, иммунитетті нығайтатын  және тыныштандыратын әсері бар; хош иісі жеңіл әрі көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Мысалы, Mariage Frères бренді ұсынған шай қоспасы кербездік пен салауатты өмірді таңдайтын шай әуесқойларының сүйіктісіне айналған.

Lavender and Rose Tea: қыста ағзаны нәрлендіріп тыныштандырады, физикалық және психологиялық стресті жеңуге көмектеседі. Мысалы, Harney & Sons және Teavana сынды брендтер лаванда мен раушан гүлдерінің жапырақтарын басқа да жоғары сапалы ингредиенттермен үйлестіріп, терапевтік қасиеттерін күшейтетін шай қоспасын ұсынады.

Шаймен бірге тәтті-дәмді ұсыну да әдепке жатады. Мысалы, жаңа шығарылған шай мен талқан не тәтті бауырсақ әдемі үйлесім табады. 

Қысқы суықты жеңу үшін аса бағалы шай қоспаларындағы зімбір, кардамон және даршын секілді "жылы" дәмдеуіштер көмекке келеді:

Masala Chai: Париждің танымал шай үйі Mariage Frères өз масала шайында қара шай, даршын, қалампыр мен кардамонды үйлестірген. Суық күндерде сергітіп қуат беретін бұл шай әлем гурмандарының сүйікті шай қоспаларының бірі. 

Golden Turmeric Elixir: мәртебелі сапаға деген ұмтылысымен танымал Fortnum & Mason бренді қабынуға қарсы қасиеттері бар куркуманы ағзаға сіңуін арттыру мақсатында  қара бұрышпен жұптастырған. Бұл   тұтынушыға жайлылық пен жылылық сыйлайтын антиоксидантты қасиеті бар нағыз қысқа арналған шай.

Күрең шай қош иiстi қаймақ қатқан...

- И.Сапарбай -

Қыстың ызғарлы ұзақ кештерінде дене мен ойды жылытып, шаршауды басып әрі  бойға жеңілдік сыйлаудың тамаша тәсілдерінің бірі - қуатты арттыратын қасиетке ие шай ішу. 

Gyokuro by Ippodo: сирек кездесетін жапондық көк шай, құрамында хлорофиллдің деңгейі жоғары болуымен танымал; дәмі жұмсақ, тәтті әрі ағзаны ақырын қуаттандырады. Бұл шай қазақтың табиғи дәмдерді ұнатуына сәйкес келеді және оның рәсімдік сипаты тыныштық пен ойлануға мүмкіндік береді.

Yunnan Gold by TWG Tea: Юннань провинциясынан алынған алтын түсті бүршікті шай жапырақтарынан жасалады. Бұл шайдың жоғары сапасын көрсетеді, себебі олар мұқият жиналып, ерекше өңдеуден өтеді және қанық, бал татыған нәзік дәмімен танымал. Суық қысқы таңдарға арналған сергітетін ерекше ноталарға толы сусын. 

Дәм ретінде шоколад трюффелдерін не майқұрт ұсына отырып қара және көк шай ішу тәжірибесін есте қаларлықтай етуге болады. 

Дәстүрлі пиала немесе бағалы фарфордан жасалған шынаяқ-кесе шайдың хош иісі мен түсін толықтай сезінуге мүмкіндік береді. Сандал ағашы мен кипарис хош иістерін қолдана отырып бөлмеде ерекше атмосфераға қол жеткізуге болады. Жаңадан демделген хош иісті шайды кепкен өрік-мейіз, түрлі жаңғақ және балды жент секілді маусымдық дәмдермен толықтыра отырып, сәнді және сезімдерге бай рәсім жасауға болады.

Жапондық шай рәсімдерімен айналысатын маман Хидэо Акиконың айтуынша, шай ішу рәсімі тыныштықты қалыптастырудың және ойды тазартудың бір жолы болып саналады. Қазақ мәдениетінде де шай тек сусын емес, қыста жылу беретін, көңіл-күйді көтеретін, денсаулыққа пайдалы құрал ретінде танылған. Татлердің аса құрметті оқырмандарына тек жоғары сапалы, этика принциптерін ескере отырып өндірілген шай өнімдері белгілеріне көңіл бөлуді ұсынамыз.

Темы