Мерекелік кештің сәнін келтірер эксклюзивті коктейльдер топтамасы! Әр сусын — өз алдына бір өнер туындысы
Жаңа жыл жақындаған сайын мерекелік кешке дайындық қыза түсіп, қып-қызыл өнерге айналады. Өзіңіз елестетіп көріңізші: сіздің кеште кең дастархан жайылып қана қоймай, сән мен талғампаздықтың символы іспетті коктейльдер беріледі. Жарқын жұпар иісті әрі дәмі нәзік те тәтті аперитики-коктейльдер, джин мен эвкалипт кордиалының ерекше үйлесімі — мұның бәрі сізді бір мезетте гастрономия шебері етіп, елден ерек стильдің авторына айналдырады. Сонымен біз сізге Жаңа жыл кешін сән-салтанат пен дәмді сезімдерге бөлейтін ең ерекше рецептілерді ұсынбақпыз.
Bee’s knees
Bee’s knees бары ромға апельсин фрешін, бал шәрбаты мен лайм қосып жасалатын бұл классикалық рецептіні мандарин шырынымен түрлендіреді. Нәтижесінде тропик жемістердің жарқын жұпары мен шәрбаттың тіл үйірер дәмінен құралған тандем естен тандырар аперитики-коктейль пайда болады.
2022 жылы бар ұжымы «тики» атауымен белгілі полинезиялық сусын мен италиялық аперитив тоғысындағы дүние ойлап табады. Тики коктейльдер негізінен ром мен Кариб аралдарында өсетін цитрус түрлері, ананас, маракуйя сынды жемістер құралады. Ал италиялық аперитивтерге ащы, құрғақ һәм қышқыл дәм тән. Сол себепті де қос мәдениетті қамтыған сусын «аперитики» деп аталып кеткен.
Осы аперитики концепциясы аясында шырша бұтағы мен мандарин тілімімен безендірілген қызғалдақ үлгісіндегі бокал «Bee’s knees» коктейлінің ажарын ашып, кешіңізге стиль тұрғысынан көрік берері анық.
Рецепт авторы: Дмитрий Королёв пен Bee’s knees барының ұжымы
Құрамы:
Bayou White ромы — 45 мл
Мандарин фреші — 30 мл
Лайм фреші — 25 мл
Бал шәрбаты — 15 мл
Жұмыртқа ақуызы — 25 мл
Дайындау әдісі:
1. Лаймды сығып, мандарин фрешін дайындаймыз. Жұпар иісін күшейте түсу үшін қабығынан кішкене қосамыз.
2. Осы фрешке бал тамызып, ащылығы орташа «Bayou» ромын құямыз.
3. Ақуыз бен мұз салып, шейкерде шайқаймыз.
4. Дайын сусынды шыныға құямыз. Үстіне шырша бұтағы мен мандарин тілімін қоямыз да, шырша парфюмін себеміз.

Fuji
Бұл коктейль жапон философиясындағы үйлесімділік, талғампаздық пен табиғатты аялауды құтыдағы сусын арқылы поэтикалық жолмен жеткізу ниетінен туған. Ол өзен суы күн нұрына шомылған, алуан түрлі гүлдің жұпар иісіне бөленген, мүлгіген тыныштықта тербелген бақты еске салады.
Жасыл шай мен шиелі джин-кордиалдың негізінде жасалған сусын бейнебір инь мен яньның нағыз үйлесімі үлгісіндей. Жасыл шай даналық пен ашық сананы білдірсе, шие Фудзияма бөктерінде қыстыгүні бүр жарған сакура (фую-дзакура) іспетті.
Мускат жүзімінің көбігі құдды бір Хокусай музасына айналған қарлы шыңның нышанындай. Ал оның хош иісі асқан шеберлікпен жазылған каллиграфияның соңғы штрихы сияқты композиция соңындағы мінсіз нүкте дер едім.
Рецепт авторы: IROH бар-менеджері Марал Еркебұлан
Құрамы:
Джин — 40 мл
Көк шай мен шиеден жасалған кордиал — 40 мл
Жүзім көбігі (мускат) — 40 мл
Дайындау әдісі:
1. Арнайы құтыда джин мен кордиалды (40 мл-ден) мұзбен араластырыңыз.
2. Дайын сусынды стрейнер арқылы алдын ала салқындатылған Ник пен Нора шынысына құйыңыз.
3. Үстіне жүзім көбігін салыңыз.