Бонд ішкен шай: ысталған лапсанг сушонг шайы туралы аңыздар
Далаға жаққан отты ішіп көріп пе едіңіз? Орманда, қарағай ағаштарының түбінде жанған отты? Ыстық, ысталған лапсанг сушонг шайын ішкенде осындай ой келеді. Нағыз қытай шайы, бір тамшы химия, хош иістендіргіш қосылмаған. Дегенмен кейбір рухани нәзіктіктен жұрдай лапсанг сушонг сыншылары шайдың дәмін теміржол шпалына ұқсатады. Ол енді рас — оның күрделі хош иісінде шайыр да, қарамай да бар.
Бонд, Холмс және Черчилль
«Мен лапсанг сушонг жасмин шайының жанкүйерімін», – дейді «Казино Рояль» (1967) фильмінде үйінен бар ашқан сэр Джеймс Бонд. Агент 007 франшизасының кейінгі фильмдерінде Бонд мартини ішкенімен, бұл эпизод оны нәзік талғам иесі әрі джентльмен қылып көрсетіп, сол кездегі Еуропа мәдениетіндегі экзотикалық өнімдерге деген қызығушылықтың өсуін бейнелейді.
Шерлок Холмстың жанкүйерлері атақты детективті ысталған шай әуесқойы санайды. Лапсанг сушонг, әсіресе оның өткір түтін дәмі, Холмстың қасиеттерін тамаша сипаттайды: төзімділік, жинақылық және, бәлкім, ерекшелік. Артур Конан Дойлдың туындыларында бұл туралы тікелей айтылмаса да, күрделі жұмбақтың шешімін тапқысы келіп, ойланып тұрған кейіпкердің әдетте шай ішіп тұрған бейнесі елестейді. Неге олай болмасқа? Лапсанг сушонг данышпан детективке жақсы жарасады. Ерекше талғам мен ойшылдықты талап ететін шай — бұл да данышпан детективтің образына жарасады.

